Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 Қаулысына сәйкес 10 қазан – Кәсіподақтар күні ретінде бекітілді. Осы күннің кәсіби мерекелер тізіміне енуіне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы үлкен күш салғаны көзі қарақты қауымға белгілі.

Кәсіподақтар күнін белгілеу-кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін күшейтуге және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесін шешуге ықпал етеді. Кәсіподақтардың көмегімен еңбек адамдарының мәдени және салауатты демалысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Биыл тұңғыш рет өтіп жатқан мерекеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейдің басшылығы мен ұжымы мән беріп, атаулы күнді атап өтті.

ҚР Ұлттық музейдің директорының орынбасары Абай Кәрімтайұлы:

  • Баршаңызды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біздің музейдің тарихына бес жыл болса да кәсіподақ ұйымы жақсы жұмыс істеп келеді. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Закира Молдабаева бірнеше шаралар ұйымдастырды. Сіздерді тұңғыш рет аталып өтіп жатқан Кәсіподақтар күнімен құттықтаймын. Сонымен қатар осы ұйымды басқарып, жұмысын абыройлы атқарып жүрген Закира Қырықбайқызын құттықтап, алғысымды айтамын. Кәсіподақ жұмысының одан әрі жандана беруіне баршамыз үлесімізді қосайық, - деген ізгі тілегін жеткізді.

10 10 2019 2

Кәсіподақ ұйымының жасаған бейнебаянын көре отырып, көптеген игі шаралар ұйымдастырғанның куәсі болдық. Музей қызметкерлері әдет-ғұрып, салт дәстүрімізді насихаттаған мерекелік және түрлі спорттық жарыстарға қатысып, еліміздің ең таңдаулы демалыс орындарында демалған. Түрлі байқаулар ұйымдастырып, жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтарын тарту еткен. Қоғамнан басқа тірегі жоқ қорғансыз жандарды да бауырына тарта білген. Қарттар үйіндегі қарияларды музейге шақырып, қайырымдылық шаралар жасаған.

10 10 2019 3

ҚР Ұлттық музейі Кәсіподақ ұйымының төрайымы Закира Қырықбайқызы «ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Кәрімтайұлының қолдауымен бас қосып отырмыз. Кәсіби мерекемізбен құттықтап, еңбегімізді елегендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осы жұмысты дөңгелетіп әкетуіме көмектескен әріптестеріме де алғысымды айтамын!» деді ағынан жарылып.

Бас қосудың соңында ұжымға жаңадан қосылған музей қызметкерлерін кәсіподаққа мүшелікке қабылдады. Мүшелік билетті ҚР Ұлттық музейдің директорының орынбасарлары Абай Сатыбалдин мен Ахметбек Ақылбекұлы табыс етті.

10 10 2019 4

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43