Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің туындыларына ұйымдастырылған «Белгісіз Мәмбеев» атты жеке көрмесі ашылды.

04 10 2019 2

Белгілі кескіндемеші Сабыр Әбдірәсілұлы – қазақ бейнелеу өнерінің мақтанышы. Небәрі 28 жасында Қазақ ССР Суретшілер одағының төрағасы болып сайланып, осы одақты 25 жыл басқарған. Сабыр Мәмбеев Алматыдағы Н. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген соң Ленинградтағы И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтынан білім алған. Суретшінің қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де танымал. Оның «Тауда» атты туындысы Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнер мұражайында және «Киіз үй» туындысы Третьяков галереясының жеке жинағына енген. Оның салған суреттері шынайы бейнеленіп, көрермендерді өзіне баурап алады.

04 10 2019 3

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Сабыр Мәмбеев отандық бейнелеу өнерінің асқар таудай алыптарының бірі еді. Суретшінің шығармалары Қазақстанда ғана емес, шетелге де кеңінен танымал. Ол елімізде көркем өнердің дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Бүгінде Сабыр Мәмбеев Қазақстанның ұлттық құндылықтарына кіретін ерекше өнер туындыларын жасап қалдырды. Көрмеге суретшінің 80-ге жуық еңбектері ұсынылып отыр», – деді.

04 10 2019 4

Сонымен қатар, Сабыр Мәмбеев – қоғам қайраткері. Осы кісінің басшылығымен облыс орталықтарында суретшілер мен мүсіншілерге арналған шеберханалар, музейлер мен көрме залдар ашылды. Қазақстанның алты қаласында Суретшілер үйі салынды. Сонымет қатар Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ашылуына белсене қатысты.

04 10 2019 5

Суретшінің қызы Жанар Мәмбеева: «Бұл көрмеге әкем қайтыс болғаннан кейін екі жыл ішінде қалпына келтіріп, жинақталған шығармалар қойылды. Бұдан да бөлек жұмыстары көп, солардың ішінен таңдап 77 шығарманы көрмеге арнайы алып келдік. Әкем ғасырға жуық өмір сүрді. Мұғалімдер отбасында тәрбиеленген. Жастайынан жетім қалғандықтан, ол өз бетінше өмір сүріп үйренген. Ғұмырының көп жылдарында басшылық қызметте болды. Кейінгі жылдары ғана шығармашылыққа көңіл бөліп, еркін жұмыс істеді деуге болады. Көрме баршаңызға қызықты болады деген үміттемін», – деді.

04 10 2019 6

Өнер жолында абыройлы болды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан халық суретшісі атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Халықтар достығы» және «Парасат» орденімен марапатталған.

04 10 2019 7

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43