Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

20 және 27 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Мейірім» әлеуметтік жобасының аясында «Бірге сурет саламыз: менің сүйікті көлігім» және «Ермексазбен сурет саламыз: күзгі орман» тақырыбында сабақтар болып өтті.

Сабаққа Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 және №2 арнайы мектеп-интернатарының арнайы білім беруді қажет ететін оқушылары қатысты.

Сабақтың мақсаты – балалардың өмірлік тәжірибелерін, эмоцияларын, ойын білдіруге үйрету арқылы, баланың көркемдік және шығармашылық әрекетін дамыту.

Баланың ішкі әлемімен және оның даму деңгейімен танысу мақсатындағы «Бірге сурет саламыз: менің сүйікті көлігім» музей сабағы балалармен әңгімелесуден басталды. Оқушылар берілген суреттердегі өздері ұнататын ұшақтар, пойыздар, кемелер, автомобильдер, трактор, велосипедтер туралы айтып берді. Содан кейін балалар біртіндеп балауыз қарындаштармен өздері музейге келген автобусқа ұқсайтын үлкен әдемі сурет салды. Алуан түрлі түстер қолданылған суреттердің әрқайсысы өзінше әдемі, бояуы қанық болып шықты. Мамандардың пікірінше, түрлі түсті терапия – бұл балаға белгілі бір түстің әсер етуіне негізделген түспен емдеу арнайы әдісі. Осы қарапайым техниканың арқасында апатияны, тітіркенуді, шамадан тыс белсенділікті емдеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады.

20190920 2

«Күзгі орман» сабағы кіріспе әңгімеден басталды. Оқушылар күзгі ауа-райына, егін жинауға қатысты сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, күзде жапырақтардың сарғайып, сары, қызғылт түске айналатынын, піскен алма қызыл, жасыл болатынын, саңырауқұлақтардың үлкен болып өсетінін атап өтті. Содан кейін оқушылар ағаштың бейнесін, түсіп жатқан жапырақтар, саңырауқұлақтар, алма және көңілді кірпі бейнеленген «Күзгі орман» картинасын ермексазбен мүсіндеді. Ермексазбен жұмыс баланың қолының моторикасын, кеңістіктік ойлауын және көркемдік талғамын дамытуға ықпал етеді.

20190920 3

Сонымен қатар сабақтарда дене тәрбиесі және саусақ гимнастикасына арналған жаттығулар өткізілді. «Бірге сурет саламыз: менің сүйікті көлігім», «Ермексазбен сурет саламыз: күзгі орман» музейлік сабақтарын өткізгендерь Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің мамандары Зухра Баянова, Кенжегүл Сейтжанова.

20190920 4

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43