Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

27 қыркүйек күні Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі ақын-жырауы Сүгір Бегендікұлының 125 жылдығына арналған «Жыр – дария» тақырыбындағы музейлік сабақ болып өтті. Сабақтың мақсаты – жастарға Сүгір жырау жайлы мәлімет беру, шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту, өнерге баулу, жыр-термеге деген қызығушылығын арттыру арқылы ұлтық сана-сезімін ояту.

Іс-шараға «Алаш» сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Қуаныш Жиенбай, дәстүрлі әнші, бірқатар ән байқауларының жеңімпазы Мизамов Кенесары Наурызбайұлы, ҚазҰӨУ-нің студенті, республикалық әншілер байқауының жүлдегері Айдана Қаржаубайқызы және Астана қаласының №4, №83 мектеп гимназияларының оқушылары қатысты.

Сабақта келген қонақтар балаларға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтып, жыраудың құйқылжыған жырлары мен төгілген термелерін орындады. Іс-шара соңында балалар екі топқа бөлініп, жыраудың өмірі мен шығармашылығы бойынша жасалған тапсырмаларды орындап, алған білімдерін қорытындылап бекітті.

30 09 2019 2

Сүгір Бегендікұлы көшпелі өмір аясында қалыптасып, хандық дәуірде айрықша дамыған мәдениет саласы – жыраулық өнердің өкілі. Сүгір жырау 1894 жылы Маңғыстау түбегіндегі Өгізөреулі деген жерде дүниеге келген. Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың және тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын бүгінгі күнге дейін жеткізген жыршы. Ол «Ноғайлық жырлар», «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Мұңлық-Зарлық» т.б дастан жырларды сан түрлі мақам-саздарға салып, өзіндік ерекшелігі бар жыраулық мектепті қалыптастырған.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43