Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ата Заң күніне орай «Ата заңым айбыным» тақырыбында музейлік сабақ өтті. Сабаққа Нұр-Сұлтан қаласының №65 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқуылары қатысты.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ата Заң туралы, Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Әрбір жас жеткіншекті Ата Заңды құрметтеуге, өмірдегі өз құқын, міндеттерін білуге, кез-келген мәселені әділ шешуге яғни құқықтық сауаттылығын нығайтуға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Сабақ барысында оқушыларға Ата Заңымыздың тамыры тереңде, дәстүрлі қазақ қоғамының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан бастау алатындығы жайлы баяндалды. Яғни «Қасым ханның қасқа жолы» атты мемлекет тұрақтылығына бағыт сілтейтін ереже ұстанымдарынан бастап, осы ізбен жеткен «Есім ханның Ескі жолы» мен әз Тәукенің «Жеті жарғысындағы» заңнамалар бірін-бірі толықтырып, бүгінгі Ата Заңның негізіне сенімді іргетасы болғандығы жайлы және қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндірілді. Сондай-ақ, Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханның:«Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды», - деп айтып кеткеніндей, қоғамда адамдардың ең қарапайым да табиғи құқығы – өмір сүру құқығы екендігі, адамның жеке басының бостандығы мен ажырағысыз құқықтарын Ата Заңымыз қорғайтындығы туралы айтылды.

10 09 2019 2

Оқушылар Ата заңға қатысты тұщымды ақпарат ала отырып, осы тақырыпқа арнайы дайындалған әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Рәміздерге арналған роликтерді көріп, сұрақтарға жауап берді. Тәуелсіздігімізді айғақтайтын негізгі белгілері туралы сурет жұмбақтарды шешіп, жасырынған жәдігерлерді тауып, оны түсіндірді. Өздерінің құқықтары туралы ойларын ортаға салды.

Ата Заң күніне орай «Ата заңым айбыным» тақырыбындағы музейлік сабағын өткізген: Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, «Әсемдікке құштарлық» жобасының жетекшісі Халимбай Амангүл.

10 09 2019 3

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43