Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан құрақ шеберлерінің ассоциациясының ұйымдастыруымен әйгілі қазақстандық және шетелдік шеберлердің қайталанбас туындылары ұсынылған «Құрақ» көрмесі ашылды.

Көрме барысында Қазақстанда тұңғыш рет пэчворк техникасында жасалған халықаралық паннолар топтамасының назарға ұсынылады, сондай-ақ, «Шығыс базары. «Ұлы Жібек жолы: мәдени мұра», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында орындалған қазақстандық шеберлердің туындылары экспозицияланды.

05 09 2019 2

ҚР Ұлттық музейі Заманауи өнер бөлімінің жетекшісі Мадина : «Бұл көрменің өзіндік ерекшелігі бар. Себебі мұндағы туындылар құрау өнерімен жасалған. Көрмені дайындау жұмыстары кезінде түрлі жұмыстармен таныстым. Мұндағы шығармалардан әсер алып, жақын танысу үшін алыстан шолу аздық етеді. Үңіліп қарасаңыз, өте ұсақ қималарды құрап, мазмұнды туынды жасаған. Бұл сала бойынша мұндай техниканы меңгерген мамандар көп емес. Тақырыпқа сай түстерді үйлестіре білу аса биік талғамды қажет етеді. Әрине, өте үлкен еңбек», - деп өз пікірін білдірді.

05 09 2019 3

Көрме экспозициясында Ресей квилтингісінің корифейі, аты аңызға айналған Любовь Лежанинаның авторлық техникасында орындаған туындылары мен шәкірттерінің жұмыстары ерекше орын алған. Любовь Юрьевнаның ең танымал «Сиқырлы есіктерді ашыңыз», «Қараға ақ», «Құтқарушы бал», «Сүйікті гүлдеріңізді сыйлаңыз» және «Сенім, үміт, махаббат» сынды шығармаларын тамашалауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық музейіне келушілердің назарына елордалық MagicQuilt клубы квилтершілерінің «Астана-20» коллекциясы ұсынылды. Аталмыш панноларда Қазақстан астанасының ғимараттары әртүрлі тәсілдермен матадан жасалған.

05 09 2019 4

Аталған көрме 2019 жылғы 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43