Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Конситуция күніне орай Тәуелсіздік залында «Біз – байтақ елдің азаматтарымыз» атты музейлік сабақ өтті. Сабаққа Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясының инклюзивті сыныптарындағы оқушылар шақырылды.

Сабақтың басты мақсаты – оқушыларды ҚР Конституциясы туралы білімдерін дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш сезімін, азаматтық-құқықтық мәдениеттерін қалыптастыру.

Оқушыларға мемлекеттік рәміздермен бірге Ата заңымыздың негізгі ережелері, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың қызметі мен оның ең жоғары лауазымды тұлға, мемлекет басшысы болып табылатыны туралы айтылды. Президенттік тағайындалу кезінде Ант қабылдау ана тілінде жүретініне, ҚР Парламентінің қызметіне тоқталып, ана тілінің және басқа ұлт өкілдерінің тілдерінің дамуына көп көңіл бөлініп жатқаны тілге тиек етіліп, азаматтардың құқығы мен міндеттемелеріне тоқталды.

28 08 2019 2

Сабақ соңында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы бейнежазбалар тамашалап, сұрақтарға жауап берді. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның және астананың қалыптасу тарихы туралы өз білімдерінің жан-жақтылығын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Біз – байтақ елдің азаматтарымыз» музейлік сабағын өткізген «Мейірім» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі, Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Баянова Зухра.

28 08 2019 3

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43