Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде танымал суретші, ҚР Мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, қарутанушы-этнограф, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қалиола Ахметжанның 70 жылдығына және шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған «Уақытқа саяхат» атты мерейтойлық көрмесі ашылды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Қалиолла Ахметжанның картиналары елімізде және шет елдерде танымалдылыққа ие. Олар суретшінің өзі ойлап тапқан бірегей кескіндеме техникасында жасалған және Қазақстанның ең үздік музейлерінің коллекцияларында, еліміздегі және шетелдердегі жеке коллекцияларда сақталған.

«Уақытқа саяхат» көрмесінде көрермендер көретін барлық туындылар Қазақстанның заманауи мәдениетінің жарқын көркем феномені, керемет суретшіміздің үлкен жетістіктерінің дәлелі ретінде есте қалады. Жас суретшілер үшін Ахметжанның шығармашылығы лайықты үлгі, адамның еңбекпен қанша жетістікке жететіндігінің керемет дәлелі»,-деді.

23 08 2019 2

Қалиолла Ахметжан – орта ғасырдағы Орта Азияның әскери қару-жарақтары бойынша беделді сарапшы. Ол қазақтың дәстүрлі қару-жарақ тарихының республикадағы жалғыз маманы. Суретшінің туындылары Ә.Қастеев ат. Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі, ҚР Ұлттық музейі, ҚР Мемлекеттік музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы ат. бейнелеу өнер музейі, Кутаиси Картиналар галереясы (Грузия), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ),  Елабуга мемлекеттік тарихи-сәулеттік және көркем өнер қорық музейі (Ресей) қорларында, Қазақстан, Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Германия, Иран, Жапониядағы жеке коллекцияларда сақтаулы тұр.

23 08 2019 3

23 08 2019 4

Экспозицияда суретшінің әр жылдары әртүрлі жанрларда әртүрлі техникалырмен жасаған картиналары, кітап иллюстрациялары, мультфильм эскиздері, музей экспозицияларының, тарихи реконструкциялардың жобалары таныстырылатын болады.

23 08 2019 5

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43