Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 5 шілде күні ҚР Ұлттық музейінде қала күнін мерекелеуге арналған «Ғасырлар тоғысында асқақтаған Нұр-Сұлтан» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Сатубалдин Абай Кәрімтайұлы ашып берді. Аталған іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай, ҚР Елтаңбаның авторы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР «Астана Опера» - театр музейінің меңгерушісі Құсайынова Әприза Құсайынқызы, суретші-кескіндемеші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Байғалиев Төлеуғазы Баяндыұлы, ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жүргізушісі, Нұр-сұлтан қаласының құрдасы Жақсылықова Назерке сөз алып, салиқалы ой-пікірлерімен бөлісті.

05 07 2019 2

Өмірзақ Өзғанбай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тұңғыш сенаторы болып жұмыс істеп жүрген кезеңінен, Ақмола қаласына астананың ауысуы және бүгінгі Нұр-Сұлтан күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мән-маңызын саралап айтып берді. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру - бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында қабылданған Елбасының тарихи шешімі болды деп сөзін аяқтады.

05 07 2019 3

Жандарбек Мәлібекұлы Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы және сәулеті күннен-күнге даму үстіндегі әлемдегі жас әрі архитектурасы ерекше үлгімен салынған қала деді. Қаланың салынуы және архитектурасының айшықты өнермен қалыптасуында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолтаңбасы ерен. Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. 

05 07 2019 4

Әприза Құсайынқызы қаланың алғашқы салына бастауынан мәдениет ошақтарының басшылық қызметтерінде болған кездерінен қызықты оқиғаларға тоқталып өтті.

Белгілі суретші Байғалиев Төлеуғазы мен Нұр-Сұлтан қаласының құрдасы Назерке Жақсылықованың баяндамалары Елорда мәртебесіне ие болған қала осы уақыттан бастап туған күнін атап өтуді игі дәстүрге айналдырғанын атап өтті. Уақыт озған сайын Астана күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың асыға күтетін мерекесіне айналуы тиіс деп қорытты. Дөңгелек үстел соңында ҚР Ұлттық музейі педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Ахметқалиева Гүлжанат пен Кемеңгерова Айгүл әннен шашу шашты.

05 07 2019 5

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43