Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақтың санасына туған халқына адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру, құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату. Ана тілі мен дінін, өнерін, салт-дәстүрін рухани-мәдени мұраларын қастерлеу. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.

29 06 2019 2

Танымдық шеберлік сабағы Этнография залында киіз үй алдында өтті.

Сабаққа Астрахань, Қорғалжың районы мен Ақмола облысының оқушылары қатысты. Сабақ барысынды Балалар ата-бабамыздың тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетіне, қазақ халқының сан ғасырлық тарихының куәсі болған қасиетті, киелі қара шаңырағымыз киіз үй және оның ішкі-сыртқы жабдықталуымен бірге халық кеңінен қолданылған тұрмыстық бұйымдарымен жақынырақ  танысты. Балалар киіз үйге байланысты алдын-ала дайындаған сұрақтарға жауап берді.  

«Бесікке бөлеу» рәсімі көрсетіліп, қонақкәде ретінде оқушы күй тартып берді. «Халық қазынасы ғылыми-зерттеу» институтының аға ғылыми қызметкері өнертану  (PhD) докторы Мәулет Ардаби Құрманғазының күйі «Адайды» орындады. Сабақтың соңында «Әгугайдомбыра» әнімен сабағымызды аяқтадық.

29 06 2019 3

Шеберлік - сабақ барысында Металдан, ағаштан, былғарыдан және сүйектен жасалған бұйымдарды концервациялау және қалпына келтіру бөлімінің реставраторы Аятбеков Санат ат әбзелдері мен зергерлік бұйымдардың жасалу тәсілдерімен және Матаны және кілем-киіз бұйымдарын концервациялау және қалпына келтіру секторының реставраторы Сақаба Қайрош кесте тігу шеберліктерімен бөлісті. Оқушылар сабақтан үлкен әсер алып тарқасты. Музей сабағы келушілерге қатты ұнап, музейге тағы келіп тұруға тілек білдірді.  

Ата-бабамыз заманның небір қиыншылығын көрсе де  ұлттық құндылығын жоғалтпаған.Үш мың жылдық тарихы бар салт-дəстүр мен мəдениетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бізге жеткен ұлттық салтымыз бен əдет-ғұрыптың берер өнегесі зор. Ұлттық тәрбие - ел болашағы.

29 06 2019 4

«Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» атты танымдық шеберлік сабағын музей педагогикасы және балалар шығармашылығы  бөлімінің ғылыми қызметкерлері   Гүлжанат Ахметқалиева мен Амангүл Халимбай дайындады. Сондай-ақ Қытай, Ресей және Европалық мемлекеттерден келген музей қонақтары халқымыздың салт-дәстүрімен танысты.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43