Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін маңызды ой мен батыл шешімдерге құрылған, қоғам дамуына серпін беретін маңызды құжат. Аталған бағдарламада бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын сипаттап берді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырмасына сәйкес Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелерін ілгерілету жөнінде ғылыми және шығармашылық зиялылардың және «100 жаңа есім» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарының қатысуымен дәріс өткізілу қажеттілігі тапсырылды. Осыған сәйкес, 26 маусым күні ҚР Ұлттық музейінде «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, IT-маман, кітапханашы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлымен және Рухани Қазына арнайы жобасының менеджері, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Абдрахманов Серік Амангелдіұлымен дәріс өткізілді. Дәріске ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметінің ғылыми қызметкерлері қатысты.

26 06 2019 2 2

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі Жолдыбалинов Нұржан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Мұрағат 2025» бағдарламасы бойынша «ҚазҰЭК біріңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында кітапхана саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен, әртүрлі саланы қамтитын әзірленген электронды кітаптар саны 50 мыңға жеткендігін баяндады. Сонымен қатар еңбек жолымен, кітапхана саласындағы жетістіктерімен, барлық кітаптардың электрондық нұсқасын жасауға ниетті екендігімен бөлісті. Рухани Қазына арнайы жобасының менеджері Абдрахманов Серік «Рухани Қазына» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша дәріс оқыды. Яғни аталған жоба бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде мәліметтер берді.

26 06 2019 2 3

Кездесу барысында дәріскерлер өз ойларын ортаға салып, қызығушылықтарымен, мотивациялық ойларымен бөлісіп, ғылыми қызметкерлердің сауалдарына жауап берді.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43