Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 27-ші маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде музейдің 5-жылдығы аясында музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Жан біткен жәдігерлер» атты қызықты музей сабағы өтті.

27 06 2019 2

27 06 2019 3

Сабақтың басында Алдар-көсе балаларды этнографияның жаңа залында өзінің «танымал асығымен» қарсы алып, музей қорынан алынған залдың жаңа жәдігерлерімен таныстырды. «Тақсай ханшайымы» мен «Үржар сәуегейі» экспонаттарының жанында қызылды-жасылды киінген, жан біткен жәдігерлер балаларды «Әгугай домбыра» әнімен қарсы алып, экспонаттардың қалай, қайдан табылғанын, археологиялық қазба жұмыстарын, олардың қайта өңделіп, реставрациялануы жайлы тартымды әңгімелеп берді. Осылай №2 Алтын залының уақыт кеңістігіне саяхат жасалды. Ары қарай, оқушылар №1 Алтын залында Алтын адаммен кездесіп, жәдігерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Одан соң келушілер жан біткен жәдігерлермен бірге археология залындағы Қаңлы ханшайымы тұрған шығыс базарына барды. «Оқиғаның» соңы археология залындағы жасанды үңгірден атып шыққан алғашқы адаммен кездесумен аяқталды.

27 06 2019 4

27 06 2019 5

В ходе квест-урока дети выполняли задания, находили спрятанные предметы, собирали пазлы, отвечали на вопросы. Музейный урок очень понравился юным посетителям и они выразили желание приходить в музей чаще.

27 06 2019 6

Квест-сабақ барысында балалар берілген тапсырмаларды орындап, жасырылған сұрақтарды тауып, пазлдар жинады, сұрақтарға жауап берді. Музей сабағы келушілерге қатты ұнап, музейге тағы келіп тұруға тілек білдірді.

«Жан біткен жәдігерлер» квест-сабағын музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Айгүл Кемеңгерова мен Амангүл Халимбай дайындады. Жәдігерлер рөлдерін музей педагогикасы бөлімінің әдіскері Кенжегүл Сейтжанова, археология және этнография бөлімінің қызметкерлері Құрметбек Айболат, Арман Құрманғалиев және Қазақстан тарихы бөлімінің  қызметкері Архат Молдахмет сомдады.

27 06 2019 7

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43