Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Бағдарлама шараға келушілерді тіркеуден басталып, қатысушылардың назарына 5-ші Халықаралық Йога күніне орай арнайы жіберілген Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мырзаның құттықтау видео хабарламасы (қазақша субтитрімен) көрсетілді.

Шараға Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабxат Кумар, ҚР Ұлттық музейінің директоры Алмаз Нұразxан, танымал тележүргізуші Қымбат Досжан және дипломатиялық корпус мүшелері, мемлекеттік органдар мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырза құттықтау сөзінде Қазақстанның бірнеше қаласында өткізілген Халықаралық Йога Күнін тойлау шаралары жайлы атап өтті.

22 06 2019 2

ҚР Ұлттық музейінің директоры Алмаз Нұразхан жиналған қауымға жылы лебізін білдіріп, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ханымның құттықтау сөздерін жеткізді:
Баршаңызға белгілі, биылғы халықаралық йога фестивалі бесінші рет ұйымдастырылып жатыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бұл мерекені 2014 жылы бекіткен болатын. Сөйтіп, 2015 жылдан бері тарих аренасына шықты.
Биылғы халықаралық йога фестивалі Елордамызда 15 маусымнан бастап өтіп жатыр. Бүгін – соңы түйінді күні! Атап айтқанда, бүгін республикамыздың он қаласында бірден тойланып жатыр. Бұл, бірінші кезекте, адамдарға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, жасампаздыққа үндейтін мереке. Тұрақты айналысушылар үшін – жанға да, тәнге де азық. Үндістанда Премьер-Министрден бастап 30 мыңнан астам адам қатысады екен.Өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай, біз қызу қолдаймыз.

Әрқашан бірлікке үндейтін жақсы нәрсенің барлығын халық өзі бірден жылы қабылдайды. Бүгінгі фестиваль осынысымен қымбат деп ойлаймын.
Мереке – мерекеге, бірлігіміз – берекеге ұлассын! "
,- деді

22 06 2019 3

Мәдени орталықтың музыка пәнінің мұғалімі Мохаммед Акрам (Табла) және оның студенті Ашутош (флейта) арнайы «Музыкалық медитация» сыныбын өткізді.

22 06 2019 4

Мәдени орталық Үнді мәдениетінің мұғалімі Трилок Нарайан Тарак мырза, жергілікті Йога жаттықтырушы көмегімен, Халықаралық Йога күні жалпы Йога протоколын жүргізді, оның артынан топтық сурья Намаскар Yoga Family Astana ұйымы мүшелерімен жаттығу өткізді.

22 06 2019 5

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43