Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылдың 21 маусым күні сағат 18.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Үндістан Елшілігінің ұйымдастыруымен 5-ші Халықаралық йога күнін ҚР Ұлттық музейі алдындағы алаңда, ашық аспан астында атап өтетінін хабарлайды.

Халықаралық йога күні 2015 жылдан бастап бүкіл әлемде 21 маусымда атап өтіледі. Қазақстандағы йоганың танымалдылығын ескере отырып, 2018 ж. Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі Қазақстан аумағында осы іс-шара өткізілетін қалалардың санын алтыдан тоғызға дейін көбейту туралы шешім қабылдады. 2019 жылғы маусымның 15-нен 23-не дейін Алматыда, Арқалықта, Атырауда, Қарағандыда, Қостанайда, Таразда, Теміртауда, Зерендіде және Нұр-Сұлтанда (Халықаралық Йога Күні) IDY-2019 өтеді.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты - йоганы дамытуға,  денсаулыққа, бақытқа және салауаттылыққа пайдасы туралы ақпаратты жұртшылыққа жеткізу және тарату.

Нұр-Сұлтан қаласындағы шаралар Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігі мен Сарыарқа ауданының Әкімдігінің қолдауымен және іс-шараның өткізілу орны бойынша серіктестері және бас демеушілері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, ONGC Videsh Limited және Tengri Bank, сондай-ақ, «Тұран» минералды суы мен Йога отбасының ынтымақтастығы.

Йога - бұл 5 мың жылдық дәстүр, ол дене мен ақыл-ойдың үйлесіміне жету үшін физикалық, интеллектуалды және рухани әрекеттерді біріктіреді. 2014 жылғы 11 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 маусымды Халықаралық йога күні деп жариялады. Бұл мәлімдеме 2014 жылдың 27 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модидің өтініші бойынша жасалды. Онда ол:

«Йога - бұл ежелгі үнді дәстүрінің ақыл-парасаты, ақыл-ой мен дене, әрекет, ұ стамдылық пен бақыт, адам мен табиғат арасындағы үйлесім, денсаулыққа және салауаттылыққа біртұтас көз қарас. Бұл жаттығу емес, сонымен бірге өздігімен, ә леммен және табиғатпен бірлік сезімін ашу».

Іс-шараларға қатысу тегін, бағдарлама туралы толық ақпарат Үндістан Елшілігінің веб-сайтында: www.indembastana.in сайтында. Толық ақпаратты Елшілік телефоны арқылы 92-57-18 немесе электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. хабарласу арқылы ала аласыз.

Қосымшалар:

1. Йога Күнтізбесі - 2019;

2. Халықаралық йога күнінің логотипі;

3. Нұр-Султан қаласында инаугурация салтанаты (2019 жылдың 15 маусымы) және 5-ші Халықаралық Йога күнінің салтанатты рәсімі;

Kazak YOGA POSTER 1080x1080

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43