Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Көрмеге берілген әр суреттен балалардың талпынысы, олардың музейден алған әсерлері мен көңіл-күйлерін көруге болады. Көрмеге Алтын адам, киіз үй, домбыра, қобыз,  «Самұрық» құс, ғарыш зымыраны, жан-жануарлар, соның ішінде жылқылар және т.б. тақырыптарда салған балалардың 30-дан аса суреті қойылды.

20 06 2019 2

ҚР Ұлттық музейі Экскурсиялық жұмыстар және музей педагогикасы қызметі, Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Зухра Баянова:

«Арнайы білім алуға қажеттіліктері бар балалар музейдің тұрақты келушілері. Біз оларды экскурсиялар мен шеберлік сағаттарына, музейлік сабақтарға, көрмелерге әрдайым шақырамыз. Балаларға экскурсия және шаралар несімен есте қалады? Оларға қандай экспонаттар ұнайды? Оны олар аталған көрмеде қойған өздерінің суреттері арқылы жеткізді»,-деді.

20 06 2019 3

Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп-интернатының, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №2 арнайы мектебінің, №10, 65, 83 мектеп-гимназияларының оқушылары, сондай-ақ «Солнечный мир», «Наследие» қоғамдық қорлары мен «Spinabifida» қоғамдық бірлестіктерінен балалар қатысты.

Көрменің ашылуы барысында балалар өздері салған суреттер туралы айтып беріп, өлеңдер мен әндер орындады. Көрме ҚР Ұлттық музейінің Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

20 06 2019 4

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43