Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Шараның мақсаты – Қазақстан археология ғылымының бастауында тұрған үш тұлғаның мерейтойлары қарсаңында олардың қазақ даласының тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі өлшеусіз үлестерін насихаттау, ғылыми зерттеулерінің бүгінгі күнмен сабақтастығын көрсету.

30 05 2019 2

К. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ.к., доцент М.К. Хабдулина: «Бұл үш тұлға туралы қанша айтсақ та, аз болмайды. Қ.И. Сәтбаев жер қойнауындағы қазынаны ашып қана қоймай, ғылым саласын заманауи дәрежеге көтерген тұлға. Сәтбаевтың зор еңбегінің нәтижесінде 20 ғасырдың 70-80 жылдары геолог мамандығы ең танымал, ең маңызды мамандық болып саналды. Ә. Марғұлан Қазақстан археологиясының негізін қалаушы. 1946 жылы Ғылым Академиясы құрылып, Ә. Марғұлан жас кезінен-ақ сондағы археология бөлімін басқарды. Кемел Ақышевтың басты мақсаты Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын, туған өлкесінің бай мұрасын насихаттау болды. Осы бағыттағы табысты еңбегі ел есінде. Бұл ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі, ашқан жаңалықтары археология саласының негізі болып қала бермек», - деді.  

30 05 2019 3

Дөңгелек үстел отырысына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов және Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., археолог-ғалым Ұ.Ү. Үмітқалиев, К. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ.к. М.К. Хабдулина, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының аға ғылыми қызметкері т.ғ.к. Д. Байтілеу сынды ғалымдар қатысып мерейтой иелері туралы өз ойларын ортаға салды және Қазақстан археологиясының қазіргі жай-күйін талқылады.

30 05 2019 4

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43