Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне құрамында Үндістан Республикасының Елшісі Прабхэт Кумар,  Үндістан Елшілігі жанындағы  “Свами Вивекананда” мәдени орталығының директоры Санджай Гарг мырза бар Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің делегациясы келді.

Қонақтар Ұлттық музей директоры Алмаз Шәйкенұлы Нұразханмен  және Халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Гульнара Казбековна Махметовамен кездесті.

Алмаз Шәйкенұлы алғы сөзінде, бәрінен бұрын, жаһандану, интернационалдандыру дәуірінде достықты дамыта отырып, ынтымақтастығымыздың шекарасын кеңейту керектігін, Ұлттық музей тарапынан ынтымақтастықты орнату үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті.

29 05 2019 2

Прабхет Кумар мырза өз кезегінде, Қазақстан  - бұл адами потенциалға басты назар аударылатын, дамып келе жатқан келешегі зор жас мемлекет болғандықтан Үндістан Республикасының әріптестікті дамытуға деген мүдделі екенін айтты.

Кездесуде көрмелер алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен бірлескен жобалар  жүргізу мәселесі талқыланды.

29 05 2019 3

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43