Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Кеш қонағы – «Халық қаһарманы» С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Махмұт Ыбырайханұлы Налибаев. Іс-шара мақсаты – Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен ерліктері жайлы кеңінен насихаттау, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерін арттыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қазақ мемлекетінің қалыптасуына қосқан үлесін ұрпаққа таныстыру.

24 05 2019 2

С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Махмұт Ыбырайханұлы Налибаев: «Сағадат Нұрмағамбетовтың көзі тірісінде бірге жүрдік, жақсы араластық. Ол кісінің әңгімелерін көп тыңдадым. Ұлтжанды азаматтың үлгі, өнеге етерлік жақсы мінезі, жақсы сөзі көп. 2011 жылы Ғылым академиясындағы Тарих институтының кезекті бір конференциясына жиналдық. Зиялы қауымның бас қосуында келер ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштікті насихаттау мақсатында бүкіл қазақ батырларының ерен еңбегін көпке таныту үшін осы С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорын құру туралы ұсыныс айтылып, қабылданды. Содан бері қор жұмыстарын жүргізіп келемін. Қор жұмыстары аясында Қажымұқан атамыздың туған жеріне батырдың ескерткішін, Қостанайда Қобыландының ескерткішін орнаттық. Барлығы да батырларымыздың ерлігін кеңінен насихаттау үшін жасалды», -деді.

24 05 2019 3

Дөңгелек үстелге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен Нұр-Сұлтан қаласының ЖОО студенттері және музейдің ғылыми қызметкерлері, Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің оқушылары қатысады.

Аталған іс шара барысында  Сағадат Нұрмағамбетовтың  95 жыл толуына орай және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келген қонақтарға Ұлттық музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

24 05 2019 4

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43