Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Аталған шара Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай екінші рет ұйымдастырылып отыр. Фестиваль Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу.

22 05 2019 2

Шара аясында мемлекеттік музейлер(облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар(облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) арасында өзара сайыс ұйымдастырылған болатын.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

  1. Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей номинациясы бойынша Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі;
  2. Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей номинациясы бойынша Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі;
  3. Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мухзей-қорығының ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева Мерсалиқызы;
  4. Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері номинациясы Батыр бабалар мемориалды музейінің меңгерушісі Әлім Орынбасар Тәлімжанұлы марапатталды.

22 05 2019 3

2019 жылғы 19 мамырдан бастап Фестиваль аясында пленарлық отырыс (Фестивальдің ресми ашылуы), қазылар алқасының отырысы, «Рухани қазына-2019» республикалық байқауына қатысушылардың қазылар алқасы алдында таныстырылым жасауы, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар, панельді пікірталас, экскурсиялар мен сұхбат алаңшалары жүргізілді.

22 05 2019 4

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43