Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің II-ші республикалық «Рухани қазына-2019» фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай екінші рет ұйымдастырылып отырған Фестиваль Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу.    Шара аясында мемлекеттік музейлер(облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар(облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) арасында өзара сайыс ұйымдастырылған болатын.

21 05 2019 2

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ыстық ықыласын жеткізді. «Құрметті, мәдениет жанашырлары, мәдениет саласының қызметкерлері! «Рухани қазына» фестивалі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Баршамыздың Нұр-Сұлтан қаласында, қазақ мәдениеті, қазақ руханиятының киелі ордасы – Ұлттық музейде бас қосқанымызға бек қуаныштымын. Фестивальға еліміздің алыс-жақын өңірлерінен, облыстық, аудандық мәдениет ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері арнайы келіп қатысып отыр. Осы шара аясында біз ең үздің мәдениет ұйымдары мен олардың ең үздік қызмткерлерін анықтаймыз», - деп Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов фестиваль жұмыстарына тоқталып өтті.

21 05 2019 3

2019 жылғы 19 мамырдан бастап Фестиваль аясында пленарлық отырыс (Фестивальдің ресми ашылуы), қазылар алқасының отырысы, «Рухани қазына-2019» республикалық байқауына қатысушылардың қазылар алқасы алдында таныстырылым жасауы, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар, панельді пікірталас, экскурсиялар мен сұхбат алаңшалары жүргізіліп жатыр.

«Рухани қазына-2019» байқауының нәтижесі ертең, 2019 жылғы 22 мамырда, ресми түрде жарияланатын болады.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43