Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Іс-шара барысында Отан қорғаушылар туралы, олардың еңбектері жайлы кеңінен түсіндіре отырып, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерін арттыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесін ғылыми тұрғыда негіздеу көзделген боолатын.

Тоқсаныншы жылдары қазақ елінде тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Осы азаттықтың ақ таңы дербес мемлекеттің іргесін бекітуге, қорғанысын мықтауға мүмкіндік берді. Тарқатып айтсақ, сол жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттің егемендігі туралы Декларацияны халыққа жариялағаны бәрімізге мәлім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылғы 7 мамырда №745 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанын жариялады. Міне, осылай Тәуелсіздігіміздің төл перзенті – Қазақстанның Қарулы Күштері дүниеге келген еді.

03 05 2019 2

Мемлекет тарих институның жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Құндызай Ерімбетова: «Ұлттық музей – мемлекетіміздің рухани құндылықтарын сақтауға үлкен үлес қосып отырған мекеме. Ұлттық музей ұжымының зор еңбегінің арқасында отаншылдыққа, рухани мұраларымызды қастерлеуге деген тәрбие қалыптасып жатыр. Бүгінгі ұйымдастырылған дөңгелек үстел де соның бір көрінісі. Өзім Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызымын. Әкем соғыстан бір қолынын айырылып келіп, бейбіт өмірге араласып кетті. Бір қолына кетпен ұстап, бес баланы тәрбиеледі. Сол уақытта мен әкемнің мүгедектігі туралы мүлде ойламаппын. Ол кезде соғыстан жараланып келген кісі көп болды ауылда. Аяғы жоқ, құлағы естімейтін, қолы жоқ  аталарды мүгедек деп мүсіркеуді білмептік. Осыдан 5-6 жыл бұрын ғана халықтың әлеуметтік жағдайы туралы сөз болып, сондай бір мәселе болған кезде ғана әкемнің бір қолы болмағанын есіме алдым. Сол кезде ғана сезініппін. Ол кісі 1985 жылы дүниеден өтті. Олар нағыз ерлік жасаған азаматтар, біздің ата-бабаларымыз, соғыс ардагерлері тек мадаққа лайық», - деді.

03 05 2019 3

Аталған іс шара барысында Ә. Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына орай «Әлия Молдағұлова – шығыстың шынары» атты көрме, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге музей қорында сақталған әскери тақырыптағы жәдігерлер мен әскери көріністер бойынша Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері С. Абдрахмановтың миниатюралары қойылды.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43