Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Фестивальдің құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Фестивальдің демеушілері – «Асыл Бала» қоғамдық қоры, «Столичная Стеклопакетная Компания» ЖШС, «Brainz» жарнама агенттігі, «Джемка» аспазханасы, «Океан вкуса» дүкені, «Vita bottlers Казахстан» ЖШС. Қосалқы ұйымдастырушылар – «Солнечный мир», «Наследие» қоғамдық қорлары мен «Spinabifida» қоғамдық бірлестігі. Еріктілер – «Қасиетті жол» оңалту орталығының мамандары, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері.

26 04 2019 2 2

Фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың дарындылығы мен мәдени ерекшелігін дамытуға, инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруге ықпал ету, сондай-ақ шыдамдылық пен төзімділікке даярлауға мүмкіндік беру арқылы балалардың инклюзивті шығармашылық кеңістігін құру және әлеуметтік-мәдени бейімделуінің мәселелерін шешу ісінде қоғамды біріктіру.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Бұл фестиваль былтырдан бастап қолға алынған, биыл екінші рет өткізіліп отыр. Шара ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабылетін дамытып, оларға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Осы мақсатта фестиваль барысында балалар өздеріне ұнаған түрлі шеберлік сабақтарға қатысады. Балалардың көңілінен шығады деп сенемін, фестиваль қонақтарына сәттілік тілеймін», - деді.

26 04 2019 2 3

Фестиваль дамытушы шеберлік сабақтар үлгісінде өтті. Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп-интернатының, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №2 арнайы мектебінің, №10, 65, 83 мектеп-гимназияларының оқушылары, сондай-ақ – «Солнечный мир», «Наследие» қоғамдық қорлары мен «Spinabifida» қоғамдық бірлестіктерінен 7-18 жастағы ерекше білім алуға қажеттіліктері бар 100 бала мен сол жастағы қарапайым балалар қатысты.

26 04 2019 2 4

Фестиваль бағдарламасында «Музейді тану» атты балалардың сурет көрмесі мен «Киізден сурет: киіз басу», «Қазақ ұлттық ою-өрнектері», «Тұмар жасау», «Поль Сезанн. Ермексазбен пейзаж жасау», «Сазтерапия», «Бірге сурет саламыз», «Интуитивті кескіндеме» тақырыптарында 7 дамытушы шеберлік сабақтар болды. Шеберлік сабақтарында балалар киізден суреттер, фетрден кілемшелер, тұмарлар, ермексаздан табиғат көріністерін, саздан геометриялық пішіндер жасады. Сондай-ақ, аниматорлардың қатысуымен мәдени ойын-сауық бағдарлама және фуршет ұйымдастырылды. Фестиваль соңында әрбір қатысушы балаға алғыс хат пен сыйлық берілді.

26 04 2019 2 5

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43