Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Шараның мақсаты - ұлттық кодтың негізі ретінде танылатын мәдени мұралар мен құндылықтарды кеңінен насихаттау, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын креативтіжастардың басын біріктіру. Сондай-ақ, жастар үшін басты түйткілдің бірі – алатын білімдерін шыңдай түсуге үлкен мүмкіндік беретін ұлттық мұрамыздың қара шаңырағы - Ұлттық музейге жастарды тарту.

26 04 2019 2

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Бүгінгі шараның мақсаты еліміздің тарихи-мәдени мұраларын кеңінен насихаттау. Ұлттық музейде креативті жастардың басын қосу. Мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдау қашан да маңызды қадам болған. Тәуелсіздікпен бірге өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын ертеңгі сенімді тірегіміз. Жастар кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Қолға алған жобалардың барлығы табысты жүзеге асып, жастықтың күш-қайратын еліміздің өркендеуіне жұмсауларыңызға тілектеспін», - деді.

Шараға "Жас Отан" Жастар қанатының Төрағасы Данияр Сүндетбаев, "Қазақстан студенттер Альянсы" Республикалық студенттер қозғалысының төрағасы Ілияс Түстікбаев, жас ақынАрман Шеризат,жоғары және орта білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты.

26 04 2019 3

Кездесу барысында Жастар жылының мақсаты мен алдағы жоспарлары туралы айтылып, қонақтар өз ойларымен бөлісті. Жастар өз өнерлерін  ортаға салды.

Шараны Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің "Дана" студенттер клубы ұйымдастырып отыр.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43