Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Марат Төлегенұлы Жыланбаев – 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 7 жасында ата-анасынан айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Оқушы кезінен-ақ спортпен шұғылданып, сол салада білім алады. Үздіксіз жаттығу, марафондық жарыстарға қатысу арқылы Марат Төлегенұлы денесін шымыр, рухын қайсар етіп тәрбиелеп, діттеген мақсатына жетуді көздейді. Табандылығының арқасында спортшы әлем деңгейінде жаңа рекорд жасап, түрлі сынақтар мен күрделі қиындықтарды жеңіп,жер шарындағы аумағы ең үлкен шөлдер мен шөлейтті жерлерді жүгіріп өткен.

Марат Жыланбаев: «Бала кезімде сурет салуды жақсы көрдім. Күніне 9-10 сағат отырып, қозғалмай сурет салатынмын. Балалық шағым күрделі болды, анам қайтыс болды. Сосын әкем дүниеден өтті. Бес ағайындымыз. Бәрімізді балалар үйіне өткізді. Бастауыш сыныпта сабақ оқыған жоқпын. Күйзелістің әсері болар. Есесіне сурет салдым. Дүниені шарлаймын деп көп ойлайтынмын, іштей дайындық жасадым. Алдымен қорқынышты жеңу керек деп, түнде балалармен далада жүріп, зираттардың жанынан өтіп, мәйітханаға баратынмын. Өсе келе балалар үйінен қашуды шығардым. Автобус, поездбен де қаштым. Ұсталып қала беретінмін. Сосын спортқа бейімделіп, алдыма нақты мақсат қойдым. Арманыма жету үшін еңбектендім», - деп өткен өмірінен естеліктер айтып берді.

18 04 2019 2

Жүгіруден халықаралық спорт шебері атанған М. Жыланбаевтың есімі XX ғасырдың 90-жылдары жеті рет «Гиннестің рекордтар кітабына» енгізілді. Оның негізгі мамандығы – суретші. Алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) 1990 жылдары бастаған. Барнауыл қаласын (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағ 43 мин 23 с-та жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Спортшы 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30.8. – 5.9. 1991 ж.) жүгіріп шығып, 20 күнде (2 – 22 сәуір, 1992 ж.) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993 ж.) Сахараны (Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. 1994 ж. үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.       

18 04 2019 3

Қазіргі кезде М. Жыланбаев – жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Марафондар мен ультра-марафондарға арналған өз оқу жүйесін әзірледі. Кездесу барысында жүгіруден халықаралық спорт шебері Марат Төлегенұлы Жыланбаев өзінің жеке заттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне сыйлады.

18 04 2019 4

 

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43