Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Суретшінің фотосуреттері аймақтың жандануын, жаңа өмір тынысын білдіреді. Бұл автор жобасын әдеттегі деректі фотосуреттер шеңберінен жоғары көтереді.

Көрмеде Эрик Ваззолер 2019 жылғы ақпан-наурыз аралығында тарихи аймақта жасаған 35 фототуынды біріктірген.

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Автор өз шығармашылығы мен көптеген шеберлік сыныптарын Франция, Германия, Польша және бұрынғы КСРО-ның елдеріне арнаған. Ол бұрын психикалық-неврологиялық патологиялары, Даун синдромы бар, сол сияқты көру қабілеті төмен балаларды фотоға түсіру бойынша шеберлік сабақтарын өткізген. Бүгінгі көрмеден фотосуретшінің Семей сынақ полигонының көріністерін айқын тануға болады», - деді.11 04 2019 2 2

Басты кейіпкерлер - бұрынғы Семей сынақ полигоны болған Шығыс Қазақстан облысындағы Саржал ауылында тұратын балалар мен жасөспірімдер. Ол жерде 40 жыл бойы жаппай қырып-жою қарулары сынақтан өткізілген. Семей сынақ полигонында барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ жүргізілді. Бұл жарылыстардың жалпы қуаты Хирасимаға лақтырылған атом бомбасының қуатынан 2500 есе артып кеткен. Қазақстан үшін зор қасірет әкелген полигон Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылғы күзде жабылды. Бұл шешім ядросыз әлем үшін күрестің басты символы және ядроға қарсы саясат жүргізетін елдер үшін нағыз үлгі болды.

11 04 2019 2 3

Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ: «Биыл – Жастар жылы. Қазақстанда көптеген шаралар көптеген шаралар жастарға арналып жатыр. Біз де өз тарапымыздан жастарға қолдау көрсету мақсатында өткен жылы Қазақстан жастарына Францияда оқу мүмкіндігін қарастырып, арнайы 100 грант бөлдік. Бүгінгі көрме де жастарға арналған жобамыздың бір бөлігі деуге болады. Көрмеге ұсынылған балалардың жарқын бейнесі қандай жағдай болмасын, баршамызға болашақтан үміт үзбеу керек екенін жеткізіп тұрғандай», - деп өз пікірімен бөлісті.

Эрик Ваззолер өзінің кәсіби мансабын 1968 жылы Liberation журналының редакциясында және Vu жастар агенттігінде бастады.

11 04 2019 2 4

Бұл Тұңғыш Президент қоры мен француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің бірлесіп ұйымдастырған алғашқы жобасы емес екенін атап өту керек. Ол бұрын психикалық-неврологиялық патологиялары, Даун синдромы бар, сол сияқты көру қабілеті төмен балаларды фотоға түсіру бойынша үйрететін шеберлік сыныптарын өткізген болатын.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары француз фотосуретшісінің көрмесін 10-20 сәуір аралығында Ұлттық музейден тамашалай алады.

11 04 2019 2 5

ЧАСЫ РАБОТЫ

Понедельник Выходной
Вторник с 10:00 до 18:00
Среда с 10:00 до 18:00
Четверг с 10:00 до 18:00
Пятница с 10:00 до 18:00
Суббота с 10:00 до 18:00
Воскресенье с 10:00 до 18:00

Последний вторник каждого месяца - санитарный день.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз хатшысы:
+7 (7172) 57-46-43, +7 701 184 9824