Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2018 жылы қытай халқы саяси реформалардың және ашылудың 40 жылдығын атап өтті. 1978 жылдан 2018 жылға дейін Қытай Коммунистік партиясы барлық қытайлықтардың басын біріктіріп, басқара білді, реформалар мен ашықтық саясатын іске асырды, социализм жолына қытайлық сипаттамаларымен кіріп, қытайлықтардың қажырлы еңбегі туралы айтатындай тек қана өз күштеріне сүйеніп тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Қытай Халық Рес¬публикасы Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше маңызды орын алады. Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанда бастамашылық жасаған «Бір белдеу, бір жол» идеясын аз уақыттың ішінде 100-ден астам мемлекеттер қолдады. Бұл бастаманың Қазақстан үшін де экономикалық пайдасы зор екенін дөп басқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің «Нұрлы жол» бағдарламасын «Бір белдеу, бір жолмен» түйіндестірді. Осылайша екі ел арасында қолға алынған жұмыстар оң нәтиже көрсетті. Қос халықтың бір-бірін біліп, тарихын, салт-дәстүрін тануы үшін өзара мәдени байланыс та қарқынды дамып келеді. Бүгінгі көрме де соның нәтижесі болмақ. Ал ертең Қытай Ұлттық Музейінде «Ортақ болашақты бөлісе отырып: Жібек жолы бойындағы Ұлттық музейлердің қазыналары» халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорынан аса сирек кездесетін 15 археологиялық жәдігер ұсынылды. Аталған шаралардың барлығы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсетіні сөзсіз», - деді.

Қазіргі әлемде біржақты әрекеттер саясаты өсіп келеді және елдердің экономикалық дамуы қысымға ұшырауда. Қытай төрағасы Си Цзиньпин: «Қытайдың есіктері ешқашан жабылмайды, олар кеңірек және кеңірек ашыла береді» - деді. Қытай халқы соңғы 40 жылда табысты тәжірибе жинақтаған соң, реформаларды тереңдетуде, ашықтықты кеңейтуде дұрыс жолды таңдайды.

11 04 2019 2jpg

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо: «Бүгінгі көрме қазіргі заманауи қытай өміріне жеткізген реформалары, 40 жыл бойы жүргізілген ашықтық саясаты туралы әңгімелейді. Бұл жобалар жаңадан қолға алынған кезде халықтың жағдайы өте төмен болған. Қытай халқының төзімі мен шексіз еңбегінің арқасында қабылданған реформалар сәтті жүзеге асты. Кедейліктен алып шығып, экономикалық жетістіктерге жеткізді деуге болады. Мұндағы әр сурет 40 жылдық еңбектің тарихын сипаттайды», - деп көрмеге қысқаша шолу жасады.  

2013 жылдың қыркүйек айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға жасаған сапары кезінде Назарбаев Университетінде сөйлеген сөзінде, Н. Назарбаевтың және Қазақстандағы қоғамның әртүрлі топтарының белсенді қолдауын тапқан, Жібек жолы экономикалық белдігін бірлесіп құру туралы бастама көтерді. Кейінірек Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында халықаралық ынтымақтастыққа қатысқан алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Соңғы бес жылда Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу - бір жол» бастамасын «Белдеулермен жолдар» жобасын бірлесіп құру жолында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен байланыстырды және бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда жалпы құны 27,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын өндірістік нысандар саласында, 55 қытай-қазақ ынтымақтастығы жобалары бар. Олардың ішінде жалпы құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 9 жоба аяқталды, бұл Қытай мен Қазақстан үшін елеулі пайда әкелді.

11 04 2019 3jpg

11 04 2019 4jpg

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43