Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Шәйкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

05 04 2019 2

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 5 сәуірдегі Өкіміне сәйкес тағайындау туралы құжатты оқыған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлова жаңа басшысыны ұжымға таныстырды.

05 04 2019 3

«Еліміздің Президентіне осы қызметке тағайындау арқылы маған көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысымды білдіремін»,– деді Алмаз Нұразхан.

05 04 2019 4

Ұлттық музей ұжымы жаңа басшыны үлкен қуанышпен қабылдады.

А. Ш. Нұразхан Абрамцев көркемдік-өндірістік училищесінің түлегі, Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Әр жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ұстаз, республикалық «Алтын және бағалы металдар Музейінде», «Астана» Ұлттық сурет галереясында директор болып қызметтер атқарған.  2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері Департаментінің директоры болды. 2018 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы. Педагогика ғылымдарының кандидаты. «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43