Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі көктем мерекесі ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақстандық қылқалам шеберлері Бәтима Зәуірбекова, Гүлжамал Тагенова және Елена Тё шығармашылығынан «Наурыз. Жаңару» көрмесін ашты.

Суретшілердің әрқайсысы өзінше жан-жақты және әртүрлі сипатты. Олардың әрқайсысы шығармашылықтарында өздеріне тән көркемдік тәсілді жасауға, осы жолда заманауи құралдарды қолдануға, көрермен көңілінен жол табуға тырысады. Экспозицияға көркем сурет және гобелен техникасымен орындалған әр жанрдағы 100-ден астам жұмыс қойылды. Оларды қабылдау әсері мен орындау бейнелілігі біріктіреді. Көзқуантар бояулар мен бейнелер бұрқағы мерекелік экспозицияны, бағыттар мен бояулар және бейнелердің симфониясын құрайды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Бүгінгі көрме Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Көрме экспозициясына көркемсурет және гобелен техникасымен орындалған  әр жанрдағы 100-ден астам туынды қойылып отыр. Көрмеден Қазақстандық суретшілердің түрлі сипаттағы еңбектерін тамашалай аласыздар. Музей қонақтарына қызықты болары сөзсіз», - деді.

14-03-2019-3-2

Бәтима Заурбекова – белгілі гобелен шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Оның қолынан шыққан гобелендер қашанда танымал және қайталанбайды, тұрмысты философиялық түйсінуі мен, сонымен бірге өте нәзік шеберлігі мен және ой тереңдігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы мәдениетінің қайнар көзімен органикалық байланыс жасауға негізделген оның жұмыстарына ырғақтың ерекше әуені, түстердің айрықша мәнерлілігі және бай бейнелі ойлау тән. «Құрметті, қонақтар! Өнерді қолдап, біздің көрмеге келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Барлықтарыңызды Наурыз мекесімен құттықтаймын. Өнердің көркемдігін танытатын осындай көрмелер көбейе берсін дегім келеді», - деп Бәтима Заурбекова көрме қонақтарына жылы лебізін жеткізді. Оның туындылары ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, ҚР Ұлттық музейі залдарында және сонымен бірге ҚР Президентінің Резиденциясында қойылған. Оның көптеген жұмыстары АҚШ пен Европаның жеке коллекцияларында тұр.

14-03-2019-3-3

Г. Тагенова - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтын тәмамдаған. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Гүлжамал ішінде Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемөнер музейі, Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы, Алматыдағы Франция мемлекетінің Бас консулдігі және т.б. бар көптеген беделді заманауи өнер алаңдарында бірнеше мәрте өзінің жеке көрмелерін өткізді. Гүлжамал Тагенова: «Бүгінгі біздің көрмеміз ең керемет мереке Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Көрме көңілдеріңізге көктем сыйласын», - деді.

Гүлжамал Тагенованың жұмыстарында кейіпкерлер мен қоршаған орта заттары түрлі-түсті бояулардың байланысы мен қиылыстары әлемінен пайда болады. Жұмыстар бояудың мөлдірлігімен, түстердің қанықтығымен, сәндік стилдің тартымдылығымен баурайды. Суретші өз болмысын көрсетудің өзіне ғана тән амалын табуға ұмтылады, жан мен материя бірлігін өз түйсігімен жеткізуге мүмкіндік беретін шығармашылықтың жалғыз түрін тапқысы келеді. Гүлжамалдың көптеген суреттерінде көрінетін пішіндердің ерекше тәсілмен берілетіні сондай, еріксіз олардың құдіретіне берілесің. Мұндай сиқырлықтың кілті кеңістікті түспен, бояулар жазықтығы мен бояулар жасаудың әртүрлі толассыздығы арқылы әсерлі жасауда жатыр. Гүлжамал

14-03-2019-3-4

Елена Тё есімін әдетте голланд шеберлері мен француз импрессионистерінің дәстүрлерімен орындалған бояулары тамаша пейзаж, портрет және натюрмортпен байланыстырады. Суретші стилі бояуды жағу мен суреттің кедір-бұдырлығымен, жарық пен көлеңкенің әдемі кереғарлығымен, тартымды композициялармен ерекшеленеді. Оның суреттерінің ашық түстері өмір әткеншегінде рахаттанып тербетілгендей күйге бөлеп, автор қиялының шарықтау шегін көрсететін гүлденуді, ішкі жан толқынысының, көңіл күйдің нәзік қылдарын жеткізеді. «Ұлттық музей қабырғаларынан өз туындыларымды көру – мен үшін бақыт. Мұндай мүмкіндік үшін көрмені ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Біздің туындыларымыз сіздерге қуаныш сыйлайды деп сенеміз», - деп Елена Тё өз қуанышымен бөлісті.

Елена Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Абай атындағы АМУ көркем-сурет факультетін бітірген. Ол республикалық және халықаралық әртүрлі көрмелерге қатысқан. Оның туындылары көптеген елдердің коллекцияларында сақтаулы.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43