Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл сайынғы Наурызда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тұсау кесу рәсімін өткізіп беруді дәстүрге айналдыру туралы бастама көтерді. Бұдан былай еліміздің барлық мәдениет мекемелері балалар үйімен тығыз байланыс орнатып, жас сәбилер үшін жыл сайын қазақстандық және дүниежүзінің әйгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен ата-дәстүрді жаңғыртып, тұсау кесер жасайды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында тарихымыз бен салт-дәстүрімізді тек сақтап қана қоймай, дүниежүзіне кеңінен насихаттауымыз керектігін ерекше атап айтқан. Наурыз мейрамы – төл мерекеміз. Бұл айтулы мерекені жаңа үлгіде тойлау туралы ұсыныс білдірген болатынмын, онда бүлдіршіндерге баса назар аударылса деген едім. Сол себепті тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар бүгінгі шараға балалар үйінен және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары арнайы шақырылды, оларға сый-құрмет көрсетпекпіз. Наурыз тек қазақ халқының емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Әр ұлт өзінің ұлттық киімін киуі керек. Сонда ғана біз ынтымағы жарасқан мемлекет боламыз»,- деді

20-03-2019 02

Наурыз – табиғат-ана мен адамзат бірлігінің, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықтың мәңгілік мейрамы. Мерекелік шара барысында ата-ана қамқорлығынан айрылған сәбилер үшін «Тұсаукесер» рәсімі өткізілді. Еліміздің танымал тұлғалары №2 мамандандырылған балалар үйінен арнайы келген Рамазан Нұрхатов, Айдын Бекишев, Інжу Бекишева, Максим Третьяков, Арыстан Беғали, Әлжан Абдуов, Әлібек Жаманқұлов есімді сәбилердің тұсауын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Алмаз Нұразхан, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, сатирик Көпен Әмірбек, дәстүрлі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Қосанова, Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон және шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілік өкілдері  тұсауын кесіп, жетектеп, шашу шашып, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық музейдің «Тұсаукесер» қайрымдылық жобасы биылғы жылы төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Меркелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылым, айтыс өнері, ән, би, арқан тартыс, т.б. орындалды.

20-03-2019 03

№2 мамандандырылған балалар үйінің психолог-тәрбиешісі Гүлжан Тулесова: «Тұсаукесер рәсімі үшін әр жылы Наурыз мерекесінде Ұлттық музейге кеп тұрамыз. Биыл төртінші рет балаларымыздың тұсауы кесіліп, жақсы тілектерін айтылып жатыр. Көп жағдайда тұсауы кесілген балалар өз отбастарын табады.Сол үшін Ұлттық музейдегі осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», - деп өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің “Шарапат» қызмет көрсету орталығынан арнайы қарттар шақырылып, меркелік шараны тамашалады. Ата-әжелерге Ұлттық музей тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

20-03-2019 04

«Аңыз әлемінде» тақырыбында балаларға арналған наурыз ертеңгілігінде музыкалық-поэтикалық театрландырылған қойылым негізінде жылы мен суықтың, жақсылық пен жамандықтың күресі жүретін табиғаттың жаңаруы көрсетілді. Қойылымда жерге аңыз бойынша жеті қат көк Тәңір жіберген Көк өгіздің келіп, барлық жер терең ұйқыға кеткені баяндалды. Әндер шырқалып, билер орындалып, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ мерекеге орай балаларға бауырсақтар мен тәттілер ұсынылды.

20-03-2019 05

Балаларға арналған «Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату» тақырыбында экскурсия-сабақ жүргізілді. Шоу-бағдарламада киіз басу жәнеқолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

21 наурыз күні мерекеге орай музейге ұлттық киіммен келген азаматтар мен азаматшалар тегін кіргізіледі. Бір ғана шарты: әлеуметтік желідегі (фейсбук – ҚР Ұлттық музейі, инстаграм– Nationalmuseumkz, телеграмм– ҚР Ұлттық музейі) Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің парақшаларына тіркеліп, #Ұлттықмузей хеш-тэгін белгілеулері қажет.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43