Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Жас таланттардың мақсаты – халқымыздың дәстүрлі өнерін жаңғырту және еліміздің мәдени деңгейін жоғары көтеру.    

«ӨНЕРЛІ ҚОЛ – БАҚЫТҚА ЖОЛ» көрмесі көркем бейнелеу факультеті студенттерінің шығармашылық әлеуетін анықтайды. Бұл – биылғы «Жастар жылында» өте өзекті мәселе. Көрме барысында көрерменге әртүрлі жанр мен техникада орындалған жұмыстар ұсынылады: этюдтер, жобалар, суреттер, композициялар, студиялық қойылымдар мен декоративті-қолданбалы бұйымдар.

28-03-2019-2

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Елбасының ел болашағы – жас ұрпаққа деген үлкен әрі ерекше қамқорлығының көрінісі ретінде «Қазақстандағы Жастар жылы» басталды. Еліміздегі Жоғарғы Оқу Орындарын жыл сайын 200 мыңға жуық түлек бітіріп шығады екен. Олар өмірге қаншалықты білім қорымен қадам басады және азаматтық ұстанымы қаншалықты белсенді деген сұрақ туады. Қоғам осы бағытта жұмыстар атқаруы керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақ Ұлттық өнер университеті көркем өнер факультетімен бірлесіп осы көрмені қолға алып отыр. Бұл, біріншіден, өнерлі жастарды қолдау, халқымыздың дәстүрлі өнерін насихаттау болып табылады. Екіншіден, «Өнерлі қол – бақытқа жол»деп көрменің аты айтып тұрғанындай, өнерді –кәсіпке айналдыру. Көрме барысында олардың шын шеберлігі мен талант қарымын айқындай аламыз», - деді.

28-03-2019-3

Көрме – өз тұрғысынан алғанда, диалог алаңы, бұл жерде, біріншіден, жастардың ҚазҰӨУ-де оқып жүрген кезеңінде үйренген шеберліктері пен талаптары талқыға түседі. Екіншіден, көрмеден заманауи өнер образын тамашалауға мүмкіндік бар. Студенттер жұмыс барысында өзінің жанына жақын тақырыптарды нысанаға алып, өз ойлары мен сезімдерін қағаз бетіне түсіре бастайды. Көрме жобасының ерекшелігі сол, жауқазын жастар арасынан болашақ кәсіби қыл қалам шеберлерін дайындап, классикалық және заманауи өнерді дамытуға ықпал жасайды. Көрме терең тарих, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі өнерді насихаттайды.

ҚазҰӨУ-дің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры Алмагүл Сметова: «Бүгін ҚазҰӨУ-дің Көркем өнер факультеті үшін ерекше күн. Көрмеге жас талантты суретшілердің туындылары ұсынылды. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы кез-келген саладағы жастардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік бермек. Осыны пайдаланып, көрме суретшілеріне шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, тиімді жобалар, тың идеялармен еңбектеніңдер дегім келеді», - деп өз пікірін білдірді.

28-03-2019-4

Қазақ Ұлттық өнер Университетінде студенттер дәстүрлі өнердің барлық түрі бойынша, ағаш пен металл өңдеу, кілем тоқу, бейнелеу өнері мен мүсіншілік мамандықтары бойынша білім алады. Бүгінгі көрмеден зор жас буынның бейнелеу өнері саласы бойынша алған білімдері мен зор еңбектерінің  нәтижесін көруге болады.

28-03-2019-5

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43