Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған жыл сайынғы Жолдауларында, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, жемқорлыққа қарсы күрестің еліміз үшін маңызы зор екенін үнемі атап көрсетуі тектен тек емес. Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі", - деді ҚР Ұлттық музейі Жазба ескерткіштерді зерттеу секторының сарапшысы Жасұлан Абдуллин.

НҰР-СҰЛТАН01 Сәуір , 12:52

«Жалпы, «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік этимологиялық  мағынасына қарай  «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзінен  алынған. Рим құқығында «corrumpire» түсінігі  болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды», - деді Жасұлан Абдуллин.

Сондай-ақ, сарапшы елдегі сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстың түрлерін атап көрсетті.

«Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс: қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану, билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану  заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу, пара алу, пара беру, бопсалауда арада жүру, қызмет орнында алдау, қызмет орнындағы әрекетсіздік», - деді  сарапшы. 

Ж. Абдуллин атап өткендей,  ХХІ ғасырдың дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында «Қылмыстық кодекске», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және басқа да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

«Заңдар  мүмкіндігінше өз нәтижесін беруде. Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес барлық ұйымдарда арнайы жоспар құрылып, түрлі шаралар жүргізілуде. Бұл шаралар мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуына өз үлесін тигізіп келеді.Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Ж.Абдуллин.

Сонымен қатар, сарапшы сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданғанын да тілге тиек етті.

«Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Оның негізгі - міндеті мемлекеттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызмет көрсету санасын бақылау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу», - деді ол.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес не­гізгі басымдылықты белгілеп берді.

«Мұнда бесінші басымдықтың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен ал­ғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Маңызды мә­селенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсыра­мын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» делінген», - деді ол.

Ол атағандай,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар мекемелерде жыл сайын жиналыс, семинарлар өткізіліп тұрады.

«Былтыр қараша айында Ұлттық музей қабырғасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ.Аяғанның қатысуымен осындай бір іс шара болып өтті. Бұл іс шараның негізгі мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мәдениет саласындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және музей қызметкерлеріне ұлттық мінез қалыптастыру бағытында тәрбие беру. Ғалым бірқатар сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлықты тежеудің негізгі жолдарына кеңінен тоқталды.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс», - деді Жаслан Абдуллин.

Аягөз Құрмаш

Все права защищены.

При использовании материалов strategy2050.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт strategy2050.kz обязательна.

При использовании материалов strategy2050.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.strategy2050.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта strategy2050.kz «www.strategy2050.kz».

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43