Поздравления и пожелания

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   МИНИСТР ОБОРОНЫ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ                                                                           РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

                            Қазақстан Республикасы

                            Ұлттық музейінің директоры

                            Д.Қ. Мыңбайға

 

 

Құрметті Дархан Қамзабекұлы!

 

         Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінің ашылуына қосқан қомақты үлесіңіз бен азаматтық белсенділігіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!

Әскеріміздің айбынын асырып, ұлттық рухты көтеретін игілікті бастаманың орындалуы

Өзіңіздей ардақты жандардың еселі еңбегі мен қажыр-қайратының жемісі. Қай кезде де

Ел азаматтары ретінде абыройыңыз бен құрметіңіз арта берсін.

           Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеймін.

 

 

Құрметпен,       

Иманғали Тасмағамбетов

 

Астана

1 желтоқсан, 2015 жыл

 

*****

Межгосударственный Фонд

Гуманитарного Сотрудничества Государств-Участников СНГ

 

Уважаемый Дархан Камзабекулы!

             

          21-24 октября 2015 г. в г. Астане с успехом прошел Х юбилейный Форум творческой и научной интеллигенции государств-участников СНГ. Форум завоевал широкое международное признание, внес новый вклад в укрепление единого гуманитарного пространства Содружества Независимых Государств, способствовал возникновению множества новых многосторонних партнерств в области науки и культуры, получил широкое освещение в средствах массовой информации во всех странах СНГ.

       Позвольте выразить Вам лично и коллективу сотрудников Национального музея Казахстана благодарность за предоставление делегатам Х Форума творческой и научной интеллигенции государств-участников СНГ возможности провести Пленарное заседание и работу секционных заседаний Форума в таком уникальном институте культуры как Национальный музей Казахстана. Большое спасибо Вам за помощь в проведении этого значимого мероприятия, за теплый и радушный прием.

             Я искренне надеюсь, что в ближайшем будущем у нас появится не одна возможность принять участие в совместных гуманитарных начинаниях СНГ и возобновить наше сотрудничество.

              

               C уважением,

              

               Исполнительный директор                                                                                           А.Г. Иксанов 

 

           *****

 

INTERNATIONAL TURKIC ACADEMY 

PRESIDENT

  

Құрметті Дархан Қамзабекұлы!

  

             Сізді күлді мұсылман жұрты мүбәрак тұтатын Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! 

            Елбасының сындарлы саясатының арқасында дәстүрлі діни құндылықтарды өміріне асыл арқау еткен Ұлы Дала елінің халқы мызғымас рухани діңгектерін сақтап, айналаға өнегелі өрнегін танытып отыр. 

          Жүректерде мейірім шырағын жаққан осы қасиетті күндер Сізге және айналаңызға иман байлығын, жан шуағын, бақ пен берекесін нәсіп етсін. 

            Шаңырағыңыз ізгілікпен нұрланып, барша ниетіңіз қабыл болсын.

 

             Ізгі ниетпен,

 

            Академия президенті                                                                                  Дархан Қыдырәлі 

 

*****

  

«Қызылорда облысының мәдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық музейінің ұжымына

 

«Жалпақ  жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу – алдымен өзің туған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлағатты сөзі музей қызметкерлеріне берілген жоғары баға.

Халқымыздың ғасырлар қойнауынан сыр шертетін музейлік құндылықтарын насихаттауда бүкіл Қазақстан халқына ғасыр әуенімен үндестіргендей үлкен еңбек жасап отырғандарыңыз өз ісінің нағыз маманы екендігін дәлелдейді.

Әлбетте, ел Егемендігінің алтын тінін, жібек желісін, ұлтымыздың бітім-болмысын даралап, тарихымыздың сарытап болып сақталып жеткен асыл мұраларын өскелең ұрпақ жүрегіне жеткізудегі еңбектеріңіз тынымсыз іздену мен асыл қасиеттеріңізде жатыр деп ойлаймын.

Тәуелсіз Қазақстанның музейлері арасындағы мәдени ынтымақтастық пен байланыс әрі қарай да жалғасын таба беретіндігіне сенім білдіре отырып, мәдени мұраларды жүйелеу, тарихи құндылықтарды сақтау және халыққа рухани тәрбие беру мен ел өркениетін дамытудағы қызметтеріңізге шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке-бірлік тілеймін.

 

Құрметпен,

директор                                                                                                                        Б. Бекмамбет

 

*****

 

Құрметті Дархан Қамзабекұлы! 

 

    Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мен Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітаптаратушылар ассоциациясы «Қазақ хандығынан Мәңгілік – елге» кітап көрмесі және «Ұлы даланың өшпес тарихы» халықаралық ғылыми – практикалық конференцияны өзара байланыста бірлесіп, жоғары дәрежеде өткені үшін Сізге шын ниетпен алғыс білдіремін. 

      Осы іс – шараға аса жауапкершілікпен қарап, бірлесіп жұмыс істегеніміздің арқасында кәсіби сапалылығы үлгі боларлықтай өтті. 

    Болашақта да осы әріптестік қарым-қатынасты сақтап, жаңа жобаларды бірлесе атқаратынымызға сенімдімін.  

     Сізге және Өзіңіз басқарып отырған ұжымыңызға мол табыс, жаңа шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспін.

 

Құрметпен, 

           Директор                                                                                                                           Ж. Сейдуманов

*****

 

 

БЛАГОДАРНОСТЬ 

выражается 

Национальному музею РК 

за оказанную поддержку первого Фестиваля творческой молодежи Казахстана 

Дети в ритме Мира» в рамках празднования 70-летия ЮНЕСКО

 

 Сергей Лазарев,                                                                            Болат Акчулаков, 

 Директор Кластерного Бюро                                                        Президент Казахстанской Национальной 

 ЮНЕСКО в Алматы                                                                      Федерации Клубов ЮНЕСКО 

 

*****

 

Уважаемый Дархан Камзабекулы!

 

28-29 августа текущего года в г. Астане состоялась международная научно-практическая конференция на тему «Конституция: единство,  стабильность, процветание», посвященная 20-летию Конституции Республики Казахстан.

Форум прошел на высоком уровне и позволил всесторонне обсудить роль Основного Закона в становлении и укреплении современной государственности Казахстан.

В его работе принимали участие делегации из 29 стран, а также авторитетных международных организаций.

Зарубежные гости с воодушевлением отмечали богатый фонд музея и самобытность национальной культуры.

От имени Организационного комитета выражаю благодарность Вам и сотрудникам музея за предоставленную интересную и содержательную экскурсию.                                                          

 

Руководитель аппарата 

Конституционного Совета РК                                                                                                     А. Темербеков

 

*****

 

 

Уважаемый господин Дархан Камзабекулы,

 

Позвольте поздравить Вас с двухлетним юбилеем основания Национального музея, который за небольшой срок проделала огромную работу и вошел в число лучших музеев мира, став ведущим музеем Евразии. В Вашем музее собрано и выставлено в соответствие с мировыми музейными правилами богатейшее историко-культурное наследие народов Казахстана. 

Мы желаем Вам дальнейших творческих успехов в Вашем благородном деле и надеемся на установление тесных связей между нашими организациями, которые будут содействовать развитию двухсторонних отношений между нашими странами.

 

Генеральный директор 

Государственного музея искусства народов Востока                                                                  А.В. Седов                         

*****  

               

Уважаемый господин Дархан Камзабекулы,

 

Посольство Индии в Республике Казахстан выражает свою благодарность администрации Национального музея Республики Казахстан за сотрудничество в проведении экскурсии для делегации из Национального Кадетского Колледжа Республики Индии 19 мая, 2015 года.

Визит в Ваш музей очень понравился членам делегации. Лично выражаю свою благодарность Вам и Вашему коллективу за отличную работу.

Спасибо, экскурсия была очень интересной и информативной.        

        

С наилучшими пожеланиями,

Полковник ЛС Лиддер 

*****

 

Уважаемый г-н Мынбай,

 

Позвольте мне выразить глубокую благодарность за предоставленную возможность проведения выставки, приуроченной 24 мая – Дню болгарского просвещения и культуры и славянской письменности. Как Вам известно, мероприятие такого рода было впервые организовано болгарской стороной в Республике Казахстан. И для нас большая честь, что данное событие было проведено в Вашем музее с Вашим активным содействием.

Организационная работа, информационное обеспечение, пунктуальность в соблюдении сроков свидетельствует о высоком профессионализме Вашего коллектива.

Также, персональную благодарность хотелось бы выразить г-же Кульбаевой Жазире за организацию подготовительного процесса и четкую организацию процесса по подготовке открытия выставки.

Пользуясь случаем, хочу еще раз с искренним уважением и сердечной благодарностью возобновить свои уверения в весьма высоком к Вам уважении и пожелать успехов в работе.

Надеюсь на продолжение нашего сотрудничества в международном формате.

 

С уважением,

Васил Петков

Чрезвычайный и Полномочный Посол

Республики Болгария в Казахстане  

*****

 

 

Құрметті Дархан Қамзабекұлы!

 

Сізді Халықаралық музейлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл аталмыш мереке Халықаралық мұражай кеңесінің (ICOM) шешімімен 1977 жылдан бері жыл сайын 160-тан астам мемлекеттерде аталып келеді.

«Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» – дегендей өткен тарихымызды ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауап іздеп, қоғамның бұдан былайғы заңдылықтарын түсіну үшін мұражайларға деген сұраныс артып келеді. 

Сіздің басқарып отырған Ұлттық мұражайдың экспозициялық кешендеріндегі Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі археологиялық, этнографиялық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері, Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және ортағасыр тарихы, Этнография, Тарих, Заманауи өнер залдары еліміздің баға жетпес құндылығы. 

Мұражай қызметкерлерінің рухани мәдениет ескерткіштерін жинап-сақтау, ғылыми-ағартушылық және білім-тәрбие беру жолындағы еңбегіне алғысымды білдіремін. 

Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық пен бақыт, игі мақсат жолындағы ізденісте мол табыстар тілеймін.

       

Ізгі ниетпен,  

"Астана Опера" театры

мұражайының директоры                                                                                                            А. Хусаинова 

      

    *****

 

  

Құрметті Дархан Қамзабекұлы!

 

Сізді және ұжымыңызды кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық музейлер күнімен құттықтаймын!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың саясатында руханият саласының алатын орны айрықша.

Сіздер атқаратын қызмет адамзаттың тарихи жадын сақтауға өлшеусіз үлес қосады. Бұл – замандастарыңызбен қатар келер ұрпақ алдында да зор абырой әрі жауапкершілік.

Еліміздің мәдени құндылықтарын және ұлттық дәстүрімізді сақтаушы ретінде өздеріңізге шығармашылық жетістіктер және отбасыларыңызға құт-береке тілеймін! 

 

Құрметпен

атқарушы директор                                                                                                                       Б. Жұмабеков

 

***** 

Құрметті Дархан Қамзабекұлы! 

 

Бүгінде халқымыздың кешегісі мен бүгінгісін байланыстырып, мәңгілік құндылықтарымыздың сәулеттік көрінісі болып отырған Ұлттық музейдің еліміз үшін маңызы зор.

Өскелең ұрпаққа, бұқара халыққа мыңжылдық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ақтарып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде аянбай еңбек етіп келе жатқан Өзіңізді және Ұлттық музей ұжымын 18 мамыр халықаралық музей күнімен және де осы айтулы  мереке қарсаңында Өзіңіздің ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің президенті болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ұлтжанашыры ретінде Сізге артылған үлкен сенімнің айқын көрінісі деп білемін.

Алла Тағала ел игілігі, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жолындағы игі бастамаларыңызға береке берсін. Жаратқан Жаббар Иемізден деніңізге саулық, басыңызға амандық. Жанұяңызға бақ-береке тілеймін!

 

ҚМДБ-ның найб мүфтиі,

"Нұр Астана" орталық

мешітінің Бас имамы                                                                                            Наурызбай қажы Тағанұлы

 

*****

 

 

Уважаемый Дархан Камзабекулы!

Уважаемые сотрудники Национального музея Республики Казахстан!

        

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби поздравляет Вас с профессиональным праздником – Международным днем музеев!

Со дня открытия Национальный музей стал гордостью казахстанского общества, настоящим культурным брендом нашей страны. Его уникальные экспозиции отражают глубокий символизм прошлого, настоящего и будущего казахстанского пути – открытость, верность традициям, стремление к инновациям.

Лидер нации – Нурсултан Абишевич Назарбаев, определяя высокое назначение Национального музея, сказал, что «он является архитектурным воплощением вечных ценностей нашего народа».

Национальный музей, по праву, является современным интеллектуальным, научным и культурным центром, в пространстве которого умело, сочетаются новые технологические решения музейной интерпретации с истинной ценностью исторического артефакта.

Ваша многогранная деятельность, направленная на сохранение и преумножение культурного наследия казахстанского общества, придаст новый импульс интеграции в мировое музейное сообщество через проведение масштабных международных мероприятий, организацию выставок, конференций и обучающих семинаров, рождение красочно иллюстрированных и содержательных изданий.

Желаем Вам новых профессиональных успехов, увлекательных открытий, благодарных посетителей и жизненного благополучия.

 

И.о. ректора

КазНУ им. Аль-Фараби                                                                                                         М. М. Буркитбаев

 

*****   

Благодарственное Письмо

С большим восхищением посетили Национальный музей РК!

Собранные экспонаты впечатляют и дарят незабываемые ощущение! Большое спасибо персоналу музея за интересную экскурсию и радушный прием! Желаем процветания и успехов в дальнейшей работе!

  

Участники и организаторы семинара

«Роль музеев в национальных проектах»