«НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ НЫШАНЫ»

2019 жылғы 19 наурыз күні ҚР Ұлттық музейінде «Ашық есік күнін» өткізді. Сонымен қатар «НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ НЫШАНЫ» мерекелік шоу-бағдарламасы ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл сайынғы Наурызда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тұсау кесу рәсімін өткізіп беруді дәстүрге айналдыру туралы бастама көтерді. Бұдан былай еліміздің барлық мәдениет мекемелері балалар үйімен тығыз байланыс орнатып, жас сәбилер үшін жыл сайын қазақстандық және дүниежүзінің әйгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен ата-дәстүрді жаңғыртып, тұсау кесер жасайды.

20-03-2019 01

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында тарихымыз бен салт-дәстүрімізді тек сақтап қана қоймай, дүниежүзіне кеңінен насихаттауымыз керектігін ерекше атап айтқан. Наурыз мейрамы – төл мерекеміз. Бұл айтулы мерекені жаңа үлгіде тойлау туралы ұсыныс білдірген болатынмын, онда бүлдіршіндерге баса назар аударылса деген едім. Сол себепті тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар бүгінгі шараға балалар үйінен және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары арнайы шақырылды, оларға сый-құрмет көрсетпекпіз. Наурыз тек қазақ халқының емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Әр ұлт өзінің ұлттық киімін киуі керек. Сонда ғана біз ынтымағы жарасқан мемлекет боламыз»,- деді

20-03-2019 02

Наурыз – табиғат-ана мен адамзат бірлігінің, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықтың мәңгілік мейрамы. Мерекелік шара барысында ата-ана қамқорлығынан айрылған сәбилер үшін «Тұсаукесер» рәсімі өткізілді. Еліміздің танымал тұлғалары №2 мамандандырылған балалар үйінен арнайы келген Рамазан Нұрхатов, Айдын Бекишев, Інжу Бекишева, Максим Третьяков, Арыстан Беғали, Әлжан Абдуов, Әлібек Жаманқұлов есімді сәбилердің тұсауын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Алмаз Нұразхан, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, сатирик Көпен Әмірбек, дәстүрлі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Қосанова, Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон және шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілік өкілдері  тұсауын кесіп, жетектеп, шашу шашып, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық музейдің «Тұсаукесер» қайрымдылық жобасы биылғы жылы төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Меркелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылым, айтыс өнері, ән, би, арқан тартыс, т.б. орындалды.

20-03-2019 03

№2 мамандандырылған балалар үйінің психолог-тәрбиешісі Гүлжан Тулесова: «Тұсаукесер рәсімі үшін әр жылы Наурыз мерекесінде Ұлттық музейге кеп тұрамыз. Биыл төртінші рет балаларымыздың тұсауы кесіліп, жақсы тілектерін айтылып жатыр. Көп жағдайда тұсауы кесілген балалар өз отбастарын табады.Сол үшін Ұлттық музейдегі осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», - деп өз пікірін білдірді.  

Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің “Шарапат» қызмет көрсету орталығынан арнайы қарттар шақырылып, меркелік шараны тамашалады. Ата-әжелерге Ұлттық музей тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

20-03-2019 04

«Аңыз әлемінде» тақырыбында балаларға арналған наурыз ертеңгілігінде музыкалық-поэтикалық театрландырылған қойылым негізінде жылы мен суықтың, жақсылық пен жамандықтың күресі жүретін табиғаттың жаңаруы көрсетілді. Қойылымда жерге аңыз бойынша жеті қат көк Тәңір жіберген Көк өгіздің келіп, барлық жер терең ұйқыға кеткені баяндалды. Әндер шырқалып, билер орындалып, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ мерекеге орай балаларға бауырсақтар мен тәттілер ұсынылды.

20-03-2019 05

Балаларға арналған «Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату» тақырыбында экскурсия-сабақ жүргізілді. Шоу-бағдарламада киіз басу жәнеқолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

21 наурыз күні мерекеге орай музейге ұлттық киіммен келген азаматтар мен азаматшалар тегін кіргізіледі. Бір ғана шарты: әлеуметтік желідегі (фейсбук – ҚР Ұлттық музейі, инстаграм– Nationalmuseumkz, телеграмм– ҚР Ұлттық музейі) Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің парақшаларына тіркеліп, #Ұлттықмузей хеш-тэгін белгілеулері қажет.

«Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашылды.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. (Қазан қ., Татарстан Республикасы).

15-03-2019-1

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылды.  

Қазақстан Республикасының Татарстан Республикасындағы Бас консулы Еркін Уалитханұлы Тукумов жиналған жұртшылықты көрменің ашылуымен құттықтап, мұндай мазмұндағы шара біржолғы ғана емес, тұрақты сипатта болуы керек деп атап көрсетті.

Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Хафизяновна Аюпова өзінің кіріспе сөзінде бұл шараның Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы айрықша маңызы мен мәніне тоқталды. «Біз мәдениетті сақтау тралы ұзақ әңгіме жасай алуымыз мүмкін. Бірақ, мәдениеттің өзара ықпалдастығы, жаһандық мәдени кеңістіктегі өзара интеграциясы ғана өз дәрежесінде сақтап қалуға ықпал жасай алады»,–деп атап көрсетті Министр.

15-03-2019-2

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылды.  

Қазақстан Республикасының Татарстан Республикасындағы Бас консулы Еркін Уалитханұлы Тукумов жиналған жұртшылықты көрменің ашылуымен құттықтап, мұндай мазмұндағы шара біржолғы ғана емес, тұрақты сипатта болуы керек деп атап көрсетті.

Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Хафизяновна Аюпова өзінің кіріспе сөзінде бұл шараның Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы айрықша маңызы мен мәніне тоқталды. «Біз мәдениетті сақтау тралы ұзақ әңгіме жасай алуымыз мүмкін. Бірақ, мәдениеттің өзара ықпалдастығы, жаһандық мәдени кеңістіктегі өзара интеграциясы ғана өз дәрежесінде сақтап қалуға ықпал жасай алады»,–деп атап көрсетті Министр.

15-03-2019-3

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а Алмаз Шәйкенұлы Нұразхан: «Қазанда өтіп жатқан шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Біздің музей қызметкерлері мен қабылдаушы тарап көрермен көңілінен шығу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп бақты.Біздің бірікен күш-жігеріміздің табысқа жеткізеріне және бұл шараның бір ғана Қазан қаласы ғана емес, бүкіл Татарстан көлемінде ірі мәдени шара болып қаларына сенімдімін», – деп ой қорытты.

Биыл көрме Өзбекстан, Малайзия, Италия, Түркия және Грузия музейлерінде өткізу жоспарланған. Келесі жылы АҚШ, Австрия, Франция, Швейцария мен Германияның басты музейлерінде өткізіледі.

Есік қорғанынан табылған заттар арасында ежелгі жазба ескерткіштерінің бірі руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның экспозициядан алар орны ерекше.

Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілді.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 127 зат ұсынылды.

15-03-2019-4

Көрмеге ұсынылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлері туындыларының аз ғана бөлігі.

Көрменің ашылу салтанатындағы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауындағы халық әндері мен күйлер көрермендердің шынайы таңданысы мен сүйіспеншілігін туғызып қана қойған жоқ, өтіп жатқан шараның ұлттық колориттік реңкте көрінуіне өлшеусіз үлес қосты.

«Наурыз. Жаңару» көрмесі ашылды.

2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі көктем мерекесі ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақстандық қылқалам шеберлері Бәтима Зәуірбекова, Гүлжамал Тагенова және Елена Тё шығармашылығынан «Наурыз. Жаңару» көрмесін ашты.

14-03-2019-3-1

Суретшілердің әрқайсысы өзінше жан-жақты және әртүрлі сипатты. Олардың әрқайсысы шығармашылықтарында өздеріне тән көркемдік тәсілді жасауға, осы жолда заманауи құралдарды қолдануға, көрермен көңілінен жол табуға тырысады. Экспозицияға көркем сурет және гобелен техникасымен орындалған әр жанрдағы 100-ден астам жұмыс қойылды. Оларды қабылдау әсері мен орындау бейнелілігі біріктіреді. Көзқуантар бояулар мен бейнелер бұрқағы мерекелік экспозицияны, бағыттар мен бояулар және бейнелердің симфониясын құрайды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Бүгінгі көрме Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Көрме экспозициясына көркемсурет және гобелен техникасымен орындалған  әр жанрдағы 100-ден астам туынды қойылып отыр. Көрмеден Қазақстандық суретшілердің түрлі сипаттағы еңбектерін тамашалай аласыздар. Музей қонақтарына қызықты болары сөзсіз», - деді.

14-03-2019-3-2
Бәтима Заурбекова – белгілі гобелен шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Оның қолынан шыққан гобелендер қашанда танымал және қайталанбайды, тұрмысты философиялық түйсінуі мен, сонымен бірге өте нәзік шеберлігі мен және ой тереңдігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы мәдениетінің қайнар көзімен органикалық байланыс жасауға негізделген оның жұмыстарына ырғақтың ерекше әуені, түстердің айрықша мәнерлілігі және бай бейнелі ойлау тән. «Құрметті, қонақтар! Өнерді қолдап, біздің көрмеге келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Барлықтарыңызды Наурыз мекесімен құттықтаймын. Өнердің көркемдігін танытатын осындай көрмелер көбейе берсін дегім келеді», - деп Бәтима Заурбекова көрме қонақтарына жылы лебізін жеткізді. Оның туындылары ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, ҚР Ұлттық музейі залдарында және сонымен бірге ҚР Президентінің Резиденциясында қойылған. Оның көптеген жұмыстары АҚШ пен Европаның жеке коллекцияларында тұр.
14-03-2019-3-3

Г. Тагенова - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтын тәмамдаған. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Гүлжамал ішінде Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемөнер музейі, Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы, Алматыдағы Франция мемлекетінің Бас консулдігі және т.б. бар көптеген беделді заманауи өнер алаңдарында бірнеше мәрте өзінің жеке көрмелерін өткізді. Гүлжамал Тагенова: «Бүгінгі біздің көрмеміз ең керемет мереке Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Көрме көңілдеріңізге көктем сыйласын», - деді.

Гүлжамал Тагенованың жұмыстарында кейіпкерлер мен қоршаған орта заттары түрлі-түсті бояулардың байланысы мен қиылыстары әлемінен пайда болады. Жұмыстар бояудың мөлдірлігімен, түстердің қанықтығымен, сәндік стилдің тартымдылығымен баурайды. Суретші өз болмысын көрсетудің өзіне ғана тән амалын табуға ұмтылады, жан мен материя бірлігін өз түйсігімен жеткізуге мүмкіндік беретін шығармашылықтың жалғыз түрін тапқысы келеді. Гүлжамалдың көптеген суреттерінде көрінетін пішіндердің ерекше тәсілмен берілетіні сондай, еріксіз олардың құдіретіне берілесің. Мұндай сиқырлықтың кілті кеңістікті түспен, бояулар жазықтығы мен бояулар жасаудың әртүрлі толассыздығы арқылы әсерлі жасауда жатыр. Гүлжамал
14-03-2019-3-4

Елена Тё есімін әдетте голланд шеберлері мен француз импрессионистерінің дәстүрлерімен орындалған бояулары тамаша пейзаж, портрет және натюрмортпен байланыстырады. Суретші стилі бояуды жағу мен суреттің кедір-бұдырлығымен, жарық пен көлеңкенің әдемі кереғарлығымен, тартымды композициялармен ерекшеленеді. Оның суреттерінің ашық түстері өмір әткеншегінде рахаттанып тербетілгендей күйге бөлеп, автор қиялының шарықтау шегін көрсететін гүлденуді, ішкі жан толқынысының, көңіл күйдің нәзік қылдарын жеткізеді. «Ұлттық музей қабырғаларынан өз туындыларымды көру – мен үшін бақыт. Мұндай мүмкіндік үшін көрмені ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Біздің туындыларымыз сіздерге қуаныш сыйлайды деп сенеміз», - деп Елена Тё өз қуанышымен бөлісті.

Елена Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Абай атындағы АМУ көркем-сурет факультетін бітірген. Ол республикалық және халықаралық әртүрлі көрмелерге қатысқан. Оның туындылары көптеген елдердің коллекцияларында сақтаулы.

«Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және польшалық бітімгер әскерлер» халықаралық көшпелі фотокөрмесі ашылды.

2019 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және польшалық бітімгер әскерлер» халықаралық көшпелі фотокөрмесі ашылды.

14-03-2019-2-1

Көрмені ҚР Қорғаныс Министрлігі және ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен капитан-бітімгер Қайрат Құдабаев атындағы қоғамдық қор мен Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының қорғаныс істері жөніндегі атташесі ұйымдастырып отыр. Келушілер назарына елуден астам туындылар ұсынылды, олардың ішінде 2005 жылғы 9 қаңтарда Васиб провинциясында ерлікпен қаза тапқан 29 жасар капитан Қайрат Құдабаевтың (өлгеннен кейін  I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған) авторлық түсірілімдері бар.

14-03-2019-2-2

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Ирактың қиын кезеңдерді бастан өткеріп отырғандығын білеміз және біз барлық мәселелер тезірек шешімін тауып кетуіне тілектестік білдіреміз. Соғыстың салдарынан он мыңдаған ирактық қаза тапты, 3,6 миллион азамат елден кетуге мәжбүр болды, әлемдегі ең ескі өркениеттің тарихи ескерткіштері мен нысандары қиратылды. Бұл көрме сол бір ауыр күндерден сыр шертеді. Көрерменге ой тастайды. Сол миссияны атқару барысында ерлікпен қаза болған 29 жасар капитан Қайрат Құдабаевтың өр тұлғасына еріксіз бас иесің. Бүгінгі көрменің ұрпақ тәрбиесі үшін тағылымы мол болады деп есептейміз», - деді.

14-03-2019-2-3

Ирактағы миссия кезінде Қазбаттың инженерлік-саперлік отрядымен 290 қазақстандық әскери қызметшілер қатысқан, 10 рет ротация болған. Контингенттің негізгі мақсаты жарылмай қалған әскери қару-жарақтарды тауып алып залалсыздандыру, далалық пункттерді ауыз сумен қамту, суды тазалау және медициналық жәрдем оқиғалары орын алған. Ирактағы миссия басталғалы жеке құрам 4 миллион жарылу қауіп бар нәрселердің көзін жойып, 6 718 текше метр суды тазалаған, сапер ісіне Ирак Әскери академиясының 572 курсантын машықтандырған. Қазақстандық әскери дәрігерлер медициналық көмек көрсетумен –  әсіресе, әйелдер мен балаларға, сондай-ақ лаңкестік шабуылдардан зардап шеккендерге жәрдем берумен айналысқан.

14-03-2019-2-4

2019 жылдың  25 мамыры күні «Ирак ашық аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгерәскерлер»фотокөрмесі Варшавадағы Польша Войскосы (Польша Республикасы) музейінде ашылады.

Аталған көрме ҚР Ұлттық музейінде 2019 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

14-03-2019-2-5

Поделиться