«Европа-Қазақстан: мәдениет пен өнердің тоғысуы»

«Европа күні» мерекесін атап өту аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 12 маусымда М Ламиннің «Европа-Қазақстан: мәдениет пен өнердің тоғысуы» көйлектер көрмесінің ашылуы болды.

 

Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі, Қазақстандағы Француз Альянсы және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірігіп ұйымдастырды. Көрме Қазақстандағы Европа күнін атап өту және Қазақстан мен Евроодақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына, 2018 жыл Европаның мәдени мұра жылына арналды.

Read more...

"Айналдың Астанаға аппақ арман" атты көрменің Пресс-релизі

2018 жылғы 1 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы  Ұлттық музейінде Астана қаласының 20 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы үйірмелері қатысушыларының жұмыстарынан құрылған «Айналдың Астанаға аппақ арман» атты балалар көрмесі ашылады. Көрме соңынан, сағат 11.30-да «Біз ғой елдің ертеңі» атты өнерлі  балалардың мерекелік коцерті өтеді.

Ұйымдастырылып отырған бұл Көрме музейдегі «Кескіндеме және графика», «Шебер» және «Домбыра үйрену» үйірмелері оқушыларының шығармашылық нәтижелерін көрсетуді, жасөспірімдердің  эстетикалық және патриоттық тәрбиесін қалыптастыруды көздейді.

Көрмені ҚР Ұлттық музейі музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырады.

«Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусымында ашылды. Үйірмеде  ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынов дәріс береді.

«Шебер» үйірмесі 2017 жылдың қыркүйек айында ашылды. Үйірмеде  ҚР Ұлттық музей рестовраторлары Сақаба Қайрош, Қарабекова Нодира, Нури Ақжарқын және Манабаева Нұрдина сабақ береді.

«Домбыра үйрену» үйірмесі 2017 жылдың қыркүйек айында ашылды. Үйірме жетекшілері – Ардаби Мәулет және Кемеңгерова Айгүл.

Үйірмелердегі оқыту бағдарламасы тұлғаның әсемдікке қатысты қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білу қасиетін қалыптастырады. Сонымен қатар әлемдік және отандық өнердің тарихын оқытып,  шығармашылық тапсырманың орындалу техникасын меңгертеді.

1 мамыр – Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Концерттік бағдарламада төменде көрсетілген қала мектептерінің өнерлі оқушылары қатысады:

•          «STARS STUDIO» музыка және өнер студиясының оқушылары

•          № 83 мектеп-гимназиясының хоры

•          № 80 мектеп «Үкілім» бишілер тобы

•          № 2 өнер мектебінің оқушылары

«Мейірім» І балалар шығармашылығының инклюзивті музейлік фестивалі

25-05-2018

2018 жылғы 26 мамыр күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге орай «Астана – рухы мықты адамдар қаласы» бағдарламасының аясында «Мейірім» І балалар шығармашылығының инклюзивті музейлік фестивалі өтеді.

«Мейірім» І балалар шығармашылығының инклюзивті музейлік фестивалі – балалық шақтың, достық қарым-қатынастың, шығармашылық пен қиялдың мерекесі! Фестиваль қарсаңында арнайы білім беруді қажет ететін балалар мен жасөсіпірімдерге байқау жарияланды. Байқауда барлығы 400-ге жуық бала бақ сынауда. Оның ішінде 100-ден аса бала бейнелеу өнері (сурет, қолдан бұйымдар жасау және т.б.) бойынша, 200-ден аса бала орындаушылық өнер (вокал, би өнері, аспаптарда ойнау, көркем сөз оқу) бойынша  қатысты. Олардың ішінде 120 бала гала-концертке өтті.

Фестивальдің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі Музей келушілеріне музейлік білім беру арқылы Қазақстан мен басқа да елдердің мәдени құндылықтарын көрсету, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, қиялдарын ұштау, балаларды инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмірге, шыдамдылық пен түсіністікте тәрбиелеу, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру.

Read more...

«Дәстүрлер сабақтастығы» атты заманауи сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтеді

Баннер Дастур-1

2017 жылғы 8 қыркүйек, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық музей коллекциясынан «Дәстүрлер сабақтастығы» атты заманауи сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтеді.
Қазақстан территориясындағы өзіндік дәстүрі мен технологиясы  ғасырлар бойы қалыптасып, бағызы замандардан халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер  – халықтық сәндік-қолданбалы өнері. Бұл өнер атадан балаға мұра болып қалып отырған.
Қазақ сәндік-қолданбалы өнер халықтың өмір сүрген көшпенді өмір салтымен, кәсіби суретшілер мен қолөнершілердің қызметімен тығыз байланысты. Ағаш шеберлері, зергерлер, қолөнер шеберлері күнделікті өмірде практикалық тұрғыда қолданылатын дүниелер жасады. Яғни, қазақ сәндік-қолданбалы өнері тұрмыстық бұйымдармен, тіпті халықтың өзіндік тұрмысымен бірігіп кетті десек те болады.
Зергерлік өнер халықтың арман-мұраты, талғамы, көркемдік және материалдық құндылықтарының деңгейі айқын да ашық көрініс табатын өнер ретінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінен ерекше орын алады.  
Зергерлік өнер үй кәсіпшілдігінің сипаты бар қазақ қолданбалы өнерінің басқа түрлеріне қарағанда, кәсіби сипат алып, өндірістік басты ерекшелігіне айналды. Қазақ зергерлері жалғыз жұмыс істеп, шеберліктерін мұрагерлік арқылы қалдырып отырған.
Көрмеге М. Әбідрахмановтың қынапты пышағы, Г. Ивановтың алқа және білезігі, А. Лапачтың мойын әшекейлері, жүзігі мен сырғалары, А.Христованың омырауша әшекейлері мен білезіктері және Фаберже сыйлығының иегері Б. Әлібайдың зергерлік бұйымдары қойлады.
Гобелен Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінде маңызды орын алады. Гобелен өнерінің қарқынды дамуы ХХ ғасырдың 70-ші  жылдарынан басталды. Замануи Қазақстандық гобелен өнері кең көлемді бейнеленуі мен стилистикалық бағыттары арқылы ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер
А. Ахметовтың, М. Ержановтың, А. Бекқұлованың, А. Сүлееваның,
Н. Өтеповтың кенептерінен көрініс тапқан.
Мүсін өнерінде А. Назарқұл, Ю. Буштрук, С. Исщанов, Н. Нұрбатыров, В. Рахманов, Ш. Төлеш сынды замануи авторлар өз ізденістерінде кеңістіктегі жеңілдік пен пластикалық мәнерлілікке қол жеткізуге талпыныс жасап жатыр. Бұл өнер түріне стилдік шешімдердің әралуандығы мен әртүрлі материалдардың бар мүмкіндігін пайдалана отырып желдірілуі тән.
Қорытындылай келгенде, аталмыш көрме өз көрермендеріне Қазақстандағы бүгінгі сәндік-қолданбалы өнердің замануи шеберлерінің шығармашылықтарымен танысуға мүмкіндік береді.

«Ұлттың жаңғыруы – Мәңгілік елге бастар жол» атты дөңгелек үстел өтеді

6 2

2017 жылғы 7- қыркүйекте сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы сөз қозғалатын «Ұлттың жаңғыруы – Мәңгілік елге бастар жол» атты дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға  Қасиетті Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығының басшысы – Берік Әбдіғали, қоғам қайраткері – Оразгүл Асанғазы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы  – Садықов Тілеген, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Артықбаев Жамбыл, филология ғылымдарының докторы, профессор – Негимов Серік т.б белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасы мақаласында баяндалған ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, білім мен бәсеке, руханиятты қайта түлету, біртіндеп латын әліпбиіне көшу, «Туған жер» бағдарламасы сынды алға қойылған мақсатты жұмыстар турасында ой бөліседі.

Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы 2017 жылғы 12 сәуірде жарық көрген болатын. Мақалада Қазақстан халқының рухани жаңғыруына басты назар аударылған. Бұл бағытта бәсекеге қабілеттілікті арттырып, білімнің салтанат құруына жағдай жасалатыны да мақалада айтылған. Әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару, әлем халқын отандық қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру бойынша да  жұмыстар жүргізілуде.    

Доминикан Республикасы Мәдениет миниcтрлігімен түсіністік меморандумына қол қойылды

2017 жылғы 6 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов екіжақты қарым-қатынастар тарихында Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесті.D4S 1741

Read more...

Біздің кішкентай келушілеріміз

2014 жылдың 18 желтоқсанында Астана қаласындағы №66 мектептің 2 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында ҚР Ұлттық музейіне келді.

Read more...

ҚР Ұлттық музейі Санкт-Петербургте өткен III халықаралық мәдени форумға қатысты

7-9 желтоқсан аралығында Санкт-Петербургте Мемлекеттік Эрмитаждың 250 жылдығына арналған III халықаралық мәдени форум өтті. Оның жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан МЫҢБАЙ, директордың орынбасары Жазира КҮЛБАЕВА және Қазақ мәдениет ғылыми зерттеу институтының бас директоры Андрей ХАЗБУЛАТОВ қатысты.

Read more...

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу

Ұлттық музейде 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Read more...

ҚР Ұлттық музейінде петерборлық атақты суретшілердің туындыларының көрмесі ашылды

11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ресейлік суретшілер Латиф КАЗБЕКОВ пен Алексей ТАЛАЩУКТЫҢ (Санкт-Петербург, Ресей) көрмелері ашылды. Көрме Ресей мемлекеттік музейімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Суретші Латиф Казбековтің, «Петербордың еркін суретшілері» жобасының жетекшісі Юрий Саулидидің және ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбайдың қатысуымен пресс-конференция өтті.

Read more...

«Қазақстанның заманауи өнері» музей сабағы

9 желтоқсанда ҚР Ұлттық музейінде Суретшілердің халықаралық күніне арналған «Қазақстанның заманауи өнері» тақырыбында музей сабағы өтті. Бұл мерекені 2007 жылы Халықаралық «Әлем халықтарының өнері» ассоциациясы жариялап, 8 желтоқсанда аталып келеді.

Read more...

ҚР Ұлттық музейі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған алғашқы шарасын өткізді

2014 жылғы 4 желтоқсанда сағат 16.00 – де ҚР Ұлттық музейінде 2015 жылы аталып өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің ұлы бетбұрысы» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесуінде 2015 жылы қазақ халқы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетінін айтты.

Read more...

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени интеграцияның үдерістері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 27-28 қараша күндері ҚР Ұлттық музейінде «Мәдени интеграцияның үдерістері мен келешегі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Read more...

ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін 25 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ерен Елбасы – кемел көшбасшы» атты көрме ашылды.

Көрме қазақстандықтарды Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының аясына топтастыруды көздеді.

Read more...

Поделиться