Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 29 қараша күні Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі Шарджа мемлекеттік Мәдени мұра институтының ұйымдастыруымен Эмираттың мәдени күніне орай ҚР Ұлттық музейінде мерекелік шара өткізді.

Аталған шараға ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мухамедиұлы, «Нұр Отан» партиясы Нұр-сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Каналимов Ерлан Ермекулы, ҚР Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир, Мемлекетаралық қатынастар бөлімінің бастығы, корольдік отбасы мүшесі Шейх Фахим бин Султан әл Касими, Шарджа мемлекеттік Мәдени мұра институтының президенті Абдулазиз әл Муссалам қатысты

29 11 2019 2

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Құрметті, мәртебелі қонақтар! Бүгінгі шара үшін Біріккен Араб Әмірліктерінен арнайы келген Шейх Фахим бин Султан әл Касими мырзаға алғысымды білдіремін. Біз ежелден адамзаттың дамуына араб елінің қосқан үлесін тарихтан білеміз. Ұлттық музейде араб тарихының көрмесі мен қолөнері көрсетіліп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Қазіргі кезде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің, атап айтқанда Шейх мырзалар мен Елбасының жылы қарым-қатынасын жақсы білеміз. Баршаңызға қош келдіңіздер дей отырып, келешекте осындай маңызды шараларда кездесе берейік дегім келеді», - деді.

Мерекелік шараның мақсаты - Шарджа мемлекеттік Мәдени мұра институты Эмираттың мәдени күнін атап өту арқылы, қазақстандықтарды ұлттық құндылықтарымен, мәдениетімен, өзіндік дәстүрлерімен таныстыру.

29 11 2019 3

Мемлекетаралық қатынастар бөлімінің бастығы, корольдік отбасы мүшесі Шейх Фахим бин Султан әл Касими: «Аса мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Нұр-сұлтан қаласында өтіп жатқан бүгінгі шараға қош келдіңіздер! Екі бауырлас елдің арасында зор түсінушілік, ерекше ынтымақтастық қарым-қатынас орын алғанын баршамыз жақсы білеміз. Бүгінгі өткізіп жатқан шарамыз екі бауырлас елдің арасындағы қарым-қатынастың мықты екенін айғақтайтын мысал болып табылады», - деп өз пікірін білдірді.

29 11 2019 4

Бағдарлама барысында Ұлттық музей қонақтарына Шарджа қаласынан арнайы әкелінген фотокөрме ұсынылды. Сонымен қатар шараны ұйымдастырушылар өздерінің ұлттық тағамдарын, фольклорлық би, ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарын, хиамен қолға сурет салу секілді дәстүрлі құндылықтарын көрсетті.

29 11 2019 5

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43