Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету.

26 11 2019 2

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуды, сақтауды және насихаттауды мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы, әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжаттары ұсынылды.

26 11 2019 3

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында ашылған көрмеге қош келдіңіздер! Елбасына арналған үлкен көрме ашу Ұлттық музей үшін үлкен мәртебе. Бұл көрме Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің мәдениеті саласында атқарған ерен еңбегіне арналған. Тұңғыш Президентіміз төл тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, қасиетті өңірлерімізді қалпына келтіру, ерекше мәдениетіміз, әдебиетіміз, тіліміз бен дініміз, білім жолы, т.б. салалар бойынша көптеген жұмыстар атқарғаны баршаңызға белгілі. Бүгінгі көрмеден Елбасының маңызды қадамдары мен мазмұны терең естеліктерін тамашалай аласыздар», - деді.

26 11 2019 4

Мәдениет саласының тарихи даму кезеңдері Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 жылдарға дейінгі Даму Стратегиясында, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы алдағы онжылдықтағы күн тәртібін анықтады.

26 11 2019 5

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры Әмірхан Рақымжанов: «Құрметті, ағайындар! Тұңғыш Президент күні мерекесі баршаңыз үшін берекелі болсын! Біз сіздерді Елбасының зор еңбегіне арналған бүгінгі көрмеден ерекше әсер алады деп сенеміз. Бүгінде Қазақстан бойынша әр облыс, әр аудан, университет, мектептерде Тұңғыш Президент күніне арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішіндегі бүгінгі көрме маңызды шаралардың бірі болып табылады. Себебі Елбасының білім, денсаулық сақтау саласы, жан-жақты салалар бойынша жасаған еңбектерін өздеріңіз білесіздер. Ал мәдениет саласында жасаған еңбегін осы көрмеден көре аласыздар», -деді.

26 11 2019 6

Елбасының мәдениет саласындағы мұрасын мына формуламен көрсетуге болады: мәдениеттің қайта жандануы, ренессансы – ұлттың мәдени кодын қалыптастыру – руханилықтың негіздерін жаңарту. Атап айтқанда, көрме материалдарында мынадай тақырыптық бағыттар: тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет саласындағы мемлекеттің саясаты тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді қорғау, музейлер, театрлар, архивтер, кітапханалар, сәулет өнері, кино өнері, әдебиет, Қазақстан Республикасының бейнелеу және қолданбалы өнері ұсынылды.

26 11 2019 7

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43