Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлттық валюта күніне» орай «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» тақырыбында танымдық сабағы болып өтті. Іс-шараға арнайы маман ретінде ҚР Ұлттық музейінің «Археология және этнография» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Молдахметов Архат Айтжанұлы қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ақшаның шығу тарихын түсіндіре отырып, Қазақстан жеріндегі ең алғашқы монеталар жайлы мәліметтерді беру. Төл теңгеміздің тарихын түсіндіру. Оның айналымға кіруі, қалай, кімдер атсалысқаны туралы мағлұмат беру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін оятып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

19 11 2019 2

Сабақ барысында «Ежелгі және орта ғасырлар» және «Тарих» залдарында Архат Айтжанұлы ақшаның пайда болуы туралы, қазақ жеріндегі ақша жүйесі қалай дамыды. Алғашқы монеталар жайлы, қазба жұмыстары барысында табылған және залдардағы витринада тұрған құнды монеталар туралы мәліметтерді айтып берді. Сабаққа келген №65 мектеп-гимназиясының 8-9 сынып оқушылары көкейлерінде жүрген, қызыртырған сұрақтарына жауап ала алды.

19 11 2019 3

Теңгеге арналған көрме залында оқушылар Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. еліміздің даму көзі, ұлттық табыс кепілі, ұлттық құндылығымыз. төл теңгеміздің тарихы туралы тұщымды ақпарат ала отырып, алған білімдерін бекіту мақсатында осы тақырыпқа арнайы дайындалған әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындады.Шекаралас жатқан көрші мемлекеттердің және алыс, жақын шет елдің валюталарын тапты, теңге залындағы жәдігерлерді негізге алып құрастырылған сөзжұмбақтарды шешіп, жәдігерлерді таныстырды. Сабақ соңында топпен суретке түсті.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43