Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

14 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Мейірім» әлеуметтік жобасының аясында «Шығармашылық баспалдақ: суреттер әлемін ашамын» тақырыбында музейлік сабақ болып өтті. Сабаққа Нұр-Сұлтан қаласы № 65 мектеп-гимназиясының арнайы білім беруді қажет ететін оқушылары қатысты.

Балалардың шығармашылық қиялы әлемге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, боялған суреттер – есте сақтау қабілетін жақсартып, зейін деңгейін арттырудың тамаша тәсілі. Ұсақ бөлшектерді бояу кезінде мидың маңдай алды бөлігі балалар алған ақпаратты құрылымдап, белсенді жұмыс істейді. Сурет неғұрлым күрделі және әсем болса, мидың екі жарты шарлары да жақсырақ болады. Олар логика мен шығармашылық процеске жауап береді.

14 11 2019 2

«Шығармашылық баспалдақ: суреттер әлемін ашамын» музей сабағы бірінші кезекте балаларға салынатын суреттерді таныстырудан басталды. Оқушылардың алдарына сандар арқылы бояйтын 2 сурет, түрлі түсті қарындаштар, өшіргіш қойылды. Жұмыс жасау барысында балардың қарапайым және күрделі сандарды акварельмен немесе эскизді маркерлермен бояуды ұнататындары айқын байқалды. Сурет салып болған соң балалар көрсетілген түс сандарына сәйкес боялатын шеңбер мен үшбұрыштардан пайда болған жан-жануарлардың бейнелерін қызығушылықпен тамашалады. Өз кезегінде педагог балаларға суреттегі жан-жануарлар туралы қызықты ақпараттар берді. Сонымен қатар сабақта дене тәрбиесі мен саусақ гимнастикасына арналған жаттығулар өткізілді.

14 11 2019 3

Музейлік сабақты өткізген Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің әдіскері Кенжегүл Сейтжанова.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43