Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Осындай тақырыпта 30 қазан күні ҚР Ұлттық музейінің Тарих залында қазақ тарихында ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған Ілияс Жансүгірұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған музейлік дәріс-сабақ болып өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларға ұлағатты адамдардың өмірі мен шығармашылық жолдарын таныстыру, өз елінің тарихи тұлғаларын білуге үйрету, білім көкжиектерін кеңейтіп, музей экспозицияларымен таныстыру.

30 10 2019 2

Нұр-сұлтан қаласының №68 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысқан дәріс-сабақта өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары ғибратты да мәнді болып табылатын, қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосқан ұлт зиялыларының өмір мен шығармашылығы туралы айтылды.

30 10 2019 3

Дәріс соңында балалар алған білімдерін бекіту мақсатында алдымен екі топқа бөлініп «Үш бәйтеректің» өмірі мен шығармашылығы бойынша жасалған сөзжұмбақты шешіп, одан соң үш топқа бөлініп тақырыпқа орай залдағы экспозициялар бойынша берілген тапсырмаларды орындады.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43