Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

Отбасы – шағын мемлекет. ҚР Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай «Шаңырақ» жобасы аясында музей қызметкерлері арасында «Мерейлі отбасы» сайысы өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

«Бала нені білсе жастан, ұядан, Өле-өлгенше соны таныр қиядан» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, ұрпағымызға отбасындағы тәрбиенің маңызы зор.

«Мерейлі отбасы» сайысына: Бимановтар отбасы, Қарақыстық отбасы және Маулет отбасы қатысты.

Алдымен сайысқа қатысқандардың отбасы өмірінен слайд көрсетілді.

Алғашқы кезең «Менің жанұям» атты тақырыпта әр отбасы өз отбасын әнмен, өлеңмен таныстырып өтті.

31 10 2019 2

Екінші кезеңде «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деп аталды. Әр шаңырақ ұрпақтарға үлгі-өнеге болсын деген ниетте салт-дәстүр, қолөнер жұмыстарын көрсетті.

Ата-әжесі - немересімен, ата-анасы-ұл - қызымен бірге шығып, отбасындағы тәрбиенің тамаша үлгісін тарту етті. Бимановтар отбасы балаларына құстың ұясын жасауды үйретті.

Қарақыстық отбасындағы Сланқожа ағамыз бен музейіміздегі Баспасөз бөлімінің жетекшісі Жұлдыз Тойбек суырып салып айтыс өнерін көрсетті. Маулет отбасының мектеп жасындағы баласы бата берді.

31 10 2019 3

«Өнерлі өрге жүзер» бөлімінен барлық отбасының өнерден құр алақан еместігін байқадық.Үлкендердің көрсеткен өнері көрерменнің көңілін көтерді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балғындар күй тартып, ән салып, би биледі.

«Жәдігерлер сөйлейді» атты соңғы бөлімде қатысушылар Алтын адам, Тақсай ханшайымы, Үржарлық ханшайымы образын сомдап, жәдігерлер жайында толық мағлұмат берді. Осы сәтте балғындар кубик құрастырудан сайысқа түсті.

31 10 2019 4

Әр кезеңнің арасында музей қызметкерлері Гүлжанат Ахметқалиева, Архат Молдахмет, Дастан Насимов тамаша әндер орындап, көрерменді желпінтіп тастады.

«Мерейлі отбасы» байқауына ҚР Ұлттық музейдің Ғылыми хатшысы Назгүл Нұржанқызы, ҚР Ұлттық музейдің кәсіподақ төрайымы Закира Қырықбайқызы, Қор жұмыстары қызметі, жинақтау және жаңа түсімдер бөлімінің ғылыми қызметкері, «Мәдениет қайраткері» Дәулеткерей Атауұлы қазылық жасады.

Қазылар шешімімен бірінші орынды Бимановтар отбасы алып, кубок, диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді. Екінші орынды Қарақыстық отбасы олжалады. Үшінші орын Маулет отбасына бұйырды. Аты аталған жеңімпаздарға диплом және ақшалай сыйлық тарту етілді.

Жастарға үлгі болатын тағылымды шараны ұйымдастыруда, сценариін жазып, жүргізген Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі «Шаңырақ» жобасының жетекшісі Гүлжанат Ахметқалиева зор үлес қосты.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43