Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

24 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Мейірім» әлеуметтік жобасының аясында «Шығармашылық баспалдақ: күз келді» тақырыбында сабақ болып өтті. Сабаққа Нұр-Сұлтан қаласы №68 мектеп- гимназиясының арнайы білім беруді қажет ететін сынып оқушылары қатысты.

Сабақтың мақсаты – балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, өз ойын ашық айтуға үйрету арқылы, баланың көркемдік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

28 10 20192

Баланың ішкі әлемімен және оның даму деңгейімен танысу мақсатындағы «Шығармашылық баспалдақ: күз келді» музей сабағы балалармен күз туралы әңгімелесуден басталды. Оқушылардың алдарына екі бүктелген түрлі-түсті картон қағазбен, желім, қайшы берілді. Балалар одан аспанның, қол шатыр мен тамшының суреттерін қайшымен қиып, 3D форматта жыл мезгілі күзге байланысты аналарына, апаларына ашық хат жасап үйренді.

Сабақта жұмыс жасау барысында оқушының қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударылды, әр баланың шығармашылық қабілеті мен жеке тұлғалық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта дене тәрбиесі мен саусақ гимнастикасына арналған жаттығулар өткізілді.

28 10 20193

Музейлік сабақты өткізген Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің әдіскері Кенжегүл Сейтжанова.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43