Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 24 қазан күні «National Geographic Qazaqstan» журналы, Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығы бірлесіп ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейінде «Сіз ойлағаннан да жақын... Америка мен Қазақстан» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Шараның ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер, белгілі қоғам қайраткері, ғалым Әділ Ахметов және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының басшылары, облыстық маслихатының депутаттары қатысты.

25 10 2019 2

ҚР Ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірігіп алғашқы көрмені ашып отырмыз. Шара «National Geographic Qazaqstan» журналының тікелей ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Көрме жұмыстарына сәттілік тілеймін», - деп жылы лебізін білдірді.

Көрменің негізгі мақсаты – тәуелсіздік жариялағанына 250 жылға жуықтаған алып мемлекет – АҚШ пен ағымдағы жылдың 16 желтоқсан күні егемендігін алғанына 28 ғана жыл толатын – Қазақстан арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи әрі мәдени ұқсастықтарды салыстыра отырып, қос ел туралы көпшіліктің таным көкжиегін кеңейтіп, қоршаған орта мен табиғатты қорғау проблемаларына қоғам назарын аударту.

25 10 2019 3

«National Geographic Qazaqstan» журналының ғылыми кеңесшісі Әділ Ахметов: «Бұл шара «National Geographic Qazaqstan» журналы мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі бірге ұйымдастырған өркениет аралық фотосуреттер көрмесі болып табылады. АҚШ-тан шығарылатын «National Geographic» журналы танымдық және тағылымдық тұрғыдан бүгінгі таңда әлемдік мәнге ие болған әрі адамзат өркениетінің көшбасшысына айналған басылым болса, «National Geographic Qazaqstan» журналы әлгі үрдісті бұлжытпай жалғастырып, тарихи қысқа мерзім ішінде еліміздегі ең көшбасшы басылымдардың біріне айналып отырғанын айтқым келеді. Дәл осы музейде бұдан бұрын да «National Geographic Qazaqstan» журналы өз тарихынан сыр шертетін «50 сурет» деген көрмені сәтті өткізген болатын»,- деді.

Шара барысында бір-біріне сіз ойлағаннан да жақын қос ел фотографтарының Америка мен Қазақстанды байланыстырып тұрған фотосуреттер жиынтығы көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43