Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 24 қазанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесі салтанатты түрде ашылады.

24 10 2019 2

БАҚ өкілдері үшін сағат 14.00-де ҚР Ұлттық музейінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Көрме Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің және Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен өткізіледі. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қатысады.

Жобаның ұйымдастырушылары халықаралық үкіметтік емес ұйымдар – Халықаралық қайырымдылық «Крафт-Павлов» заманауи өнерді қолдау қоры және Императорлық православиелік палестиналық қоғам.

Шара жер шарындағы миллиардтаған адамдар сүйіп қадірлейтін спорттық ұлы ойын футболдың жарқын әлеміне арналады. Футбол өнер ретінде әртүрлі ұлт, дін өкілдерін біріктіретін қандай да бір феномен және жасампаз күш ретінде таныстырылады және елдер мен халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға қызмет етеді.

Көрмеде ресейлік және шетелдік танымал суретшілердің футболдың жарқын әлеміне, оның гуманистік құндылықтарына арналған 100-ден астам туындылары ұсынылады. Экспозицияда  Ресей, Жапония, Италия, Франция, АҚШ, Швейцария, Үндістан, Нидерланды, Бразилия және басқа да елдер суретшілерінің жұмыстары бар. Олардың арасында танымал қазақ суретшілерінің де туындылары да болмақ.

24 10 2019 3

«Өнердегі доп» көрмесі алғаш рет FIFA 2018 Футболдан Әлем чемпинаты өтіп жатқан уақытта ұйымдастырылып, үлкен жетістікке жетіп, халықаралық резонанс тудырды. «Жол картасы»  Париж, Пекин, Монако, Женева, Берлин, Лондон, Сеул, Бакужәне т.б. арқылы өтетін арт-көрменің әлемдік үлкен турнесі Нұр-Сұлтаннан бастау алады. «Өнердегі доп» арт-көрмесін 2020 жылғы жазда футболдан ЕВРО-2020 матчтары өтетін уақытта Санкт-Петербургтегі «Манежде» өткізу жоспарлануда.  Халықаралық арт-турненің мәрелік нүктесі футболдан келесі 2022 жылғы FIFA Әлем чемпионатының қарсаңында таяушығыстық мемлекетастанасы Дохада (Қатар) болмақ.

Жобаның ұйымдастырушылары Елена Крафт пен Елена Агапова  халықаралық «Өнердегі доп» арт-жобасының қазақ жерінде өтуіне қолдау көрсеткені үшінРесей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке ерекше алғысын білдіреді. «Өнердегі доп» жобасының ұйымдастырушылары сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің, Қазақстан Футбол одағының басшылықтарына, сонымен қатар басқа да басшылар мен мекемелерге  ризашылықтарын білдіреді.

24 10 2019 4

Халықаралық «Өнердегі доп» жобасына әлемдік футбол жұлдыздары, әртүрлі елдердің танымал мәдениет пен өнер қайраткерлері, саясаткерлер мен дипломаттар қолдау көрсетуде. «Өнердегі доп» жобасына Ресей тарапынан FIFA 2018Футболдан Әлем чемпинатының Елшісі, ресейлік танымал әнші, қоғам қайраткері, «ЮНЕСКО-ның бейбітшілік әртісі» Зара, танымал пианист, Ресей Халық әртісі Юрий Розум және басқа да өнер қайраткерлері қатысуда.

Халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесінің Нұр-Сұлтандағы ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлері, футбол жұлдыздары, жаттықтырушылар, дипломатиялық корпус, бизнес-қауымдастық өкілдері, танымал мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері, спорттық жастар клубтары шақырылып отыр.

24 10 2019 5

Салтанатқа қатысушылар өнер мен спорт мерекесін сезінетін болады. Сол сияқты оларды Нұр-Сұлтанға ашылу салтанаты үшін арнайы келетін Франция, АҚШ, Нидерланды, Германия, Монако, Бразилия және Ресейден шыққан әлемдік заманауи өнердегі жарқын өкілдерге айналған суретшілер құттықтайтын болады. 

24 10 2019 6

Көрменің ұйымдастырушылары қызығушылық білдірген барлық тұлғаларды серіктестік пен әріптестікке шақырады.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43