Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

16 қазан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Түркия, Әзірбайжан және Қазақстаннан келген зағип балаларға арналған «Шекараны кеңейтіп – әлемді ашамыз» халықаралық фестиваліне қатысушыларды қарсы алды.

16 10 2019 2

Фестивальдің мақсаты қарым-қатынас үшін жағдай жасау, дамыту, әр елдің ерекше балаларының арасындағы достықты нығайту, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, сонымен қатар зағип балалармен жұмыс жасау саласындағы әріптестер арасында озық тәжірибе алмасу.

16 10 2019 3

Қонақтарға музей бойынша экскурсия өткізілгеннен соң «Ұлттық ою-өрнек өнері» атты музей сабағы мен «Киізден сурет: киіз басу» шеберлік сыныбы өткізілді. «Ұлттық ою-өрнек өнері» музей сабағында балалар қазақ ою-өрнектерінің түрлерімен танысты. Жасанды киізден жасалған ою-өрнек элементтерінің көмегімен олар әр ою-өрнекті ұстап көрді. Шеберлік сыныбында балалар дымқыл балқыту техникасын қолдана отырып, қой жүнінен ұлттық ою-өрнектер бейнеленген әдемі сурет жасады.

16 10 2019 4

Сабақ барысында өздері жасаған суреттер мен ою-өрнектерден, жасанды киізден (фетр) жасалған кілемшелер балаларға сыйға берілді.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43