Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

«Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының оңалту орталығы астанамызда бес жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Орталықта Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген мүмкіндігі шектеулі балалар физиологиялық және әлеуметтік оңалтудан өтеді. 10 қазанда орталық қызметкерлері мен орталықта ем алушылар музейге келіп қызықты саяхат жасады.

Қонақтар үшін музей залдарында экскурсия мен «Музей – бүкіл әлем» атты концерт ұйымдастырылды. Іс-шарада №25 «Таңшолпан» балабақшасының «Светлячки» тобы, халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты №65 мектеп-гимназиясының, №3 балалар музыка мектебінің оқушысы Валерия Хан және ҚР Ұлттық музейінің мамандары – Гүлжанат Ахметқалиева, Батырхан Жұмабаев, Дастан Насимовтар өнерлерін көрсетті.

11 10 2019 2

Концерт барысында Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің басшысы Гауһар Садыбай «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының оңалту орталығының директоры Айнұр Нұрхожаеваға, әдіскер Жанна Ахметоваға, еңбек терапевті Айман Кауметоваға, эрготерапевт Гүлнар Серекпаеваға жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, ҚР Ұлттық музейінің алғыс хаттарын тапсырды.

11 10 2019 3 11 10 2019 4

- Біздің балаларымыздың музейге келуі кондуктивті терапия әдісінің бағыттарының бірі болып табылады. Музейдегі іс-шаралар балалардың қоғамға бейімделуіне, танымдық және зияткерлік салаларын байытуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді – деп атап өтті орталық директоры Айнұр Нұрхожаева.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43