Справочная служба: +7 (7172) 91 90 35

2019 жылғы 1 маусым күні ҚР Ұлттық музейінде «Ашық алақан» атты қайырымдылық көрмесі салтанатты түрде ашылды.

АРНАУ балалар көркемөнер орталығы ұжымының «Ашық алақан» жобасы алғаш рет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 1-маусымда басталған болатын. Жобаның «Балалар - балаларға» деген ұраны қайырымдылық көрмесінің бар мағынасын насихаттайды.

2016 жылғы І «Ашық алақан» көрмесіне орталық студенттерінің 195 көркем туындысы қойылды, ІІ «Ашық алақан» қайырымдылық көрмесі алғаш рет 2017 жылғы 7 қазанда ашылды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бұл шара Ұлттық музейде үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Көрмеге «Арнау» көркемөнер орталығының мұғалімдері мен студенттерінің 180-нен аса туындылары қойылды. Бала тәрбиесі бесіктен басталады, сондықтан музей балаларға ерекше көңіл бөліп, таланттарын шыңдап, дамытуда талмай еңбек етіп келеді. Бұл бағытта Ұлттық музейде арнайы «Музей педагогикасы» орталығы жұмыс істеп, балаларға арналған түрлі шаралар, жобалар ұйымдастырады. Балаларға шығармашылық табыс тілеймін!»,- деді.

03 06 2019 2

Суреттерді сатқаннан түскен қаржы балалар мен жастарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Балам-Ай» мүгедек балаларды қолдау ҚҚ тапсырылған болатын.

Арнау орталығының ұстаздары жоба аясында «Балам-Ай» орталығының педагогтары мен тәрбиеленушілері үшін «Бейнелеу өнері және дәстүрлі емес техникалар» курсы бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

03 06 2019 3

2019 жылғы ІІІ көрмеге АРНАУ орталығы студенттері мен оқытушыларының 180 жұмысы ұсынылды.

АРНАУ орталығының ұжымы шығармашылық көмек пен қамқоралыққа мұқтаж адамдарға мейірім мен бауырмалдықтың оянуына ықпал ететініне сенімді.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Сәрсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Бейсенбі 10:00-ден 18:00-ге
Жұма 10:00-ден 18:00-ге
Сенбі 10:00-ден 20:00-ге
Жексенбі 10:00-ден 18:00-ге

Әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.

Касса 17:00 дейін жұмыс жасайды

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

010000 Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д-лы, 54
+7 (7172) 91 90 35
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.


Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 57-46-43