«Ғажайып ертегілер»

D4S 49331 3

2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана қаласы мектеп оқушылары арасындағы ағайынды Гриммдер шығармаларына арналған «Ғажайып ертегілер» атты бейнелеу өнері көрме-байқауы өтті. 

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің, «Возрождение» немістер қоғамының өкілдері мен қала мектептерінің ұстаздары және оқушылары қатысты.

D4S 50041

Шара барысында сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Қазақстан мен Германия арасындағы дипламатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тілдің күші халықтарды біріктіреді» атты көрме бірнеше мәдени шаралармен жалғасты. Аталған көрмені Астана қаласындағы мектептердің оқушылары ерекше қызығушылықпен тамашалады деп айтуға болады. Бүгінгі көрмеге қойылған туындылардың авторлары – жас суретшілердің де негізге алған тақырыбы – ағайынды Гриммдердің шығармашылығы» – деді.

Көркем туындылардың көрмесіне Елорданың 30-ға жуық   мектептерінен 163 оқушының еңбектері жиналды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау үшін майталман мамандардан құрылған әділқазылар оқушылардың жұмыстарына баға берді.

D4S 49421

10 -13 жас және 14 - 17 жас аралығында оқушыларға жүлделі орындар берілді және «Үздік тақырыптық жоба», «Үздік композициялық ізденіс»,  «Үздік орындау шеберлігі» номинациялары бойынша жас суретшілер марапатталады.

D4S 50211 2

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан еліміздегі Германия Федеративтік Республикасы елшілігінің мәдениет және баспасөз бөлімінің жетекшісі Валентина Гольтманн өз кезегінде көрмені ұйымдастыруға мүмкіндік жасаған Ұлттық музей басшылығына алғыс білдірді.

Ағайынды Гриммдер – неміс халқының мәдениетін зерттеген, алғашқы неміс тілі сөздігін шығарып, неміс халқының фольклорын жинақтаған тұлғалар. Олардың шығармаларын оқырман қауым жақсы біледі.

Поделиться