Ертегі – тәрбие құралы

D4S 8375

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Тілдің күші халықтарды қалыптастырады» атты ағайынды Гриммдердің өмірі және шығармашылығына арналған көрме ашқан болатын. Аталған көрме келушілердің ерекше ықыласына ие болды. Бұл көрмеге, әсіресе,  бүлдіршіндердің қызығушылығы өте жоғары.D4S 8096

2018 жылғы 18 ақпан күні музейдің Эстетикалық тәрбие беру секторы көрмені тамашалаған кішкентәй келушілерге арнап «Ғажайып ертегілер» квест сабағын өткізді. Сабақ барысында музей қызметкерлері «Қызыл телпек», «Қасқыр», «Рапунцель» сынды ертегі кейіпкерлерінің ролін сомдап, балаларға қызықты экскурсия ұйымдастырды. Сонымен қатар ағайынды Гримдердің шығармашылығына қатысты арнайы дайындалған сөзжұмбақтар шешкен бүлдішіндер Рапунцельді сиқыршы Готельдің тұтқынынан құтқарып алды. 

D4S 8334

Сабақты өткізудегі басты мақсат оқушыларды ертегілер арқылы достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

«Тілдің күші халықтарды қалыптастырады» аттыкөрме екі бөлімнен тұрады. Біріншісі ағайынды гридердің шығармашылығына арналса, екінші бөлімінде ертегілер әлеміне жетелейтін экспозициялар топтастырылған. Олардың қатарнда «Қызыл телпек», «Кішкентай балақай», «Ұйқыдағы ару», «Күлше қыз», «Бремен музыканттары» сынды ертегілерге қатысты экспонаттар бар.

Көрме 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады. 

Поделиться