«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ Республикалық форум

D4S 7587

2018 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ Республикалық форум өтті. Форумда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердің мәдениет, туризм басқармаларының басшылары, республикалық, облыстық музейлер мен музей-қорықтардың директорлары, белгілі ғалымдар және т.б.  қатысты.

D4S 7739

ІІ Республикалық форумның алғы сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ. Уәлиев: «2017 жылы Қазақстанның киелі жерлерін анықтауға байланысты өткен І Республикалық форумда жобаның мақсат-міндеттерін, жоспарларын айқындап алған болатынбыз. Жоспарға сәйкес  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстанның киелі жерлер географиясы жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы және жобалау кеңсесі, ҚР Ұлттық музейі жанынан «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы құрылды. «Қасиетті Қазақстан» орталығы жанынан ғылыми сараптамалық кеңес құрылды. Оның жұмысына ғалымдар, тарихшылар, археологтар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар тартылды.  Осының нәтижесінде жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты кітаптар мен «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедияның І томы жарық көрді»  деді.

D4S 7630

Сонымен қатар Республикалық форум аясында «Рухани жаңғыру» атты көрме ашылды. Көрмеге тарихи құнды жәдігерлер қойылған. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сақтар қазынасы» атты ерекше қойманың ашылу салтанаты өтті. Ерекше қойманы тамашалап келушілердің назарына бірінші рет сақ, сармат дәуіріне жататын жәдігерлердің түпнұсқалары ұсынылды.

2017 жылы жасалған негізгі жұмыстардың бірі - Қазақстанның қасиетті нысандары бойынша республикалық этномәдени экспедициялар. Форумда аталған экспедиция мен басқа да ізденістер негізінде жасалған жұмыстар: «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты кітаптар мен «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедияның І томының тұсауы кесілді.

ü   Жалпы ұлттық маңызы бар объектілер бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көп функционалды виртуалды картасы таныстырылды.

ü Өңірлік маңызы бар объектілер бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» интерактивтік карта халық назарына ұсынылды.

ü Әлеуметтік желілер үшін Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 40 секундтық хронометражды мобильді форматтағы бейнероликтер жұртшылыққа таныстырылды.

D4S 7639

Поделиться