«Ертегімсің сен менің, шынға айналған Астанам!»

D4S 6262

2017 жылғы 25-29 қаңтар аралығында Экскурсиялық жұмыс және музей педагогикасы орталығы Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Ертегімсің сен менің, шынға айналған Астанам!» атты ертеңгілік өткізілді. Бір апта бойы он рет өткізілген мерекелік шараға Астана қаласының мектеп оқушылары қатысты. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасынынан шыққан балалар музейдегі жаңа жылдық шараны тегін тамашалады. 

D4S 6227

Ертеңгілікті ерекшелеген «музейлік экспонаттар» балалармен бірге ән айтып, би биледі. Алтын адам мен Тақсай ханшайымын кейіпкер ретінде таныған оқушылар музей туралы және ондағы жәдігерлер жайында ақпарат алды. Театрландырылған қойылым барысында жаңа жылдың көркі болған Аяз ата мен Ақшақар, өзге де ертегі кейіпкерлері оқушылармен бірге ойын ойнап, көңіл көтерді. 

D4S 6238

Жасырылған жұмбақтардың жауабын тауып, өз өнерін ортаға салған балаларға тәтті таратылып, музейдің кішкентай қонақтары көңілді тарқады.

Поделиться